Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02301 Қазақ филологиясы в Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Пәндер

  • Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы

    Бұл пән білім алушыларға әдеби ұғымдар туралы түсінік беріп, олардың пайда болу тарихын зерделейді. Пәнді оқу барысында білім алушылар көркем мәтіннің тегін, түрін, тақырыбы мен идеясын, мазмұны мен пішінің анықтауды үйренеді. Шығармада кездесетін образ түрлеріне, тілдік ерекшеліктерге талдау жасауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ халық ауыз әдебиетi

    Бұл пәнді игеру барысында білім алушылар фольклордың тарихымен, теориясымен, фольклорлық мұралардың көп қырлы табиғатымен, тарихилығымен, таралу-сақталу ерекшеліктерімен, фольклорлық шығармалардың көп вариаверсиялығы мен өзгермелілігімен, тәрбиелік, эстетикалық, танымдық қызметтерімен танысады, көркем туындыларға дәлелді, жан-жақты талдау жасау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тiл бiлiмiне кiрiспе

    Пән болашақ филологтарды тіл теориясының жетекші ұғымдарымен таныстыруға, қазіргі лингвистиканың өзекті мәселелерімен таныстыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында білім алушылардың игерген терминдері мен анықтамалары лингвистикалық пәндердің бүкіл циклі үшін негіз болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті

    Бұл пәнде білім алушылар ежелгі жәдігерлер мен үлгілерді, яғни VII-XIV ғасыр аралағында жазылған түркі қағанаты дәуіріндегі, оғыз, ислам дәуірі, алтынорда кезеңдерде жазылған шығармалармен танысып, олардың мазмұн-мағынасын, әдеби ерекшеліктерін, көркемдік мұратын біліп, меңгеріп шығады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Түркi филологиясына кiрiспе

    Бұл пән бойынша білім алушыларға түркі тілінің тарихын, түркі тектес халықтардың тілі туралы мәліметтер, түркі тілдерінің классификациясы, түркі тілдерінің даму, қалыптасу кезеңі жайында толық мәліметтер алып, түркі тарихын зерттеген ғалымдардың еңбектерін, түркі халықтарына ортақ жазба ескерткіштердің тарихы туралы мәліметтер алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Орфография және пунктуация практикумы

    Бұл пән білім алушыларға қазіргі қазақ жазуының емле және тыныс белгілерінің заңдылықтарын меңгертуге арналған. Пәнде қазақ жазуының қалыптасуы және дамуы, қазіргі күйі, орфографиялық сөздіктердегі өзерістер мен толықтырулардың ерекшеліктері қарастырылады. Білім алушылар сауатты жазуға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем мәтінді лингвистикалық талдау

    Пән білім алушыларда шығарманың бейнелі құрылысы мен идеялық-көркемдік ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастырады. Көркем әдебиетті сауатты оқуға, ауызша сөйлеуді дамытуға, сөздік қорын толықтыруға, тіл мәдениетін арттыруға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • XV-XVIII ғ. қазақ әдебиетiнiң тарихы

    Пән аясында білім алушылар ХV-ХІІІ ғасырлар аралығында жазылған жыраулардың еңбектері мен ерліктері, сол заманда өмір сүрген хандар мен батырлардың ел үшін күрескен ерліктері жайында жазылған жырларына талдау жасау, қазақ халқының басынан кешкен қилы кезеңдерін, басқа ұлтқа отар болмай тұрған кезіндегі әдебиеті зерделенеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазiргi қазақ тiлi фонетикасы

    Бұл пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар фонетиканың нысаны, зерттелуі, транскрипция мен транслитерация, дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі, дыбыстық құбылыстар, буын, бунақ, екпін, буын үндестігі, тіл үндестігі, ерін үндестігі, дыбыс үндестігі, бейімдестік үйлестік (ассимиляция) жөнінде толық мәлімет алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жалпы тілі білімі және жаңа ақпараттық ресурстар

    Бұл пән білім алушыларға тіл білімінің жалпы теориясын меңгертуге арналған. Пәнде лингвистика тарихындағы әртүрлі мектептердің бағыттары, белгілі ғалымдардың ғылыми теориялары мен тұжырымдары қарастырылады. Білім алушылар лингвистикалық әдістер мен жаңа ақпараттық ресурстарды тіл білімінің өзекті мәселелерін талдауда тиімді пайдалагуға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пәнді оқу заңнамалық нормалардың рөлі туралы жалпы түсінік беретін құқықтың негізгі салаларының мәселелерін қарауға бағытталған, сондай-ақ білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруды зерделеуді көздейді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі

    Пәннің мақсаты-биоэкологияның негізгі заңдылықтарын, биосфераның компоненттерін және оларға әсер ететін факторларды, антропогендік қызметтен туындайтын экологиялық проблемаларды, қоғамның орнықты даму қағидаттарын, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы түрлі қауіптер жағдайындағы қауіпсіздік негіздерін зерделеу. Нәтижесінде алынған білім мен қалыптасқан дағдылар кәсіби қызметте экологиялық принциптер мен қауіпсіздік негіздерін қолдануға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Орыс әдебиетінің тарихы

    Пән білім алушыларды орыс әдебиетінің тарихымен, ұлы орыс жазушыларының, ақындарының шығармаларымен таныстырады. Әдеби материалды жүйелеуге, библиография жасауға, аннотация жазуға үйретеді. Пәнді оқу барысында көркем мәтінді талдау дағдылары дамиды. Білім алушылар әр түрлі кезеңдегі әдебиеттерді салыстыруға, ерекшеліктерін анықтауға үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Пән экономика және кәсіпкерлік негіздерін меңгеру, экономикалық сауаттылықты, білім беру саласындағы кәсіпкерлік қызметтің практикалық дағдыларын дамыту арқылы болашақ педагогтың жалпы құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны нарықтық экономиканың теориялық негіздерін, қазақстандық білім берудің қазіргі заманғы экономикалық болмысын, кәсіпкерлік қызметтің түрлері мен нысандарын, білім беру саласындағы бизнес-жоспарлаудың ерекшеліктерін, ақылы білім беру қызметтерін ұйымдастыру мен жүзеге асыруды, білім берудегі маркетингтің негіздерін зерделеуді құрайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлем әдебиетінің тарихы

    Курсты оқи отырып, білім алушылар шетелдік әдеби дәстүрлермен, әдебиеттегі әртүрлі стильдер мен бағыттармен, сондай-ақ антикалық әдебиеттің шығармаларымен, 17-18 ғасырлардағы әдебиеттермен, 19-20 ғасырлардағы шетелдік әдебиеттермен танысады. Көркем шығармаларды талдай отырып, әлем әдебиетінің даму тарихының ерекшелігін ашады, яғни антикалық дәурден қазіргі кезге дейін.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • XIX ғасырдағы қазақ әдебиетiнiң тарихы

    Бұл пәнді игеру барысында білім алушы ХІХ ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілдері: бостандық рухты, ұлт азаттығын жырлаған ақындар, зар заман әдебиетінің ақындары; айтыс ақындары; сал-серілер; қиссашыл ақындар; жаңа жазба әдебиеті өкілдері жайында толық мәлімет алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті өзара әрекеттесу этикасы

    Пән мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас жасау процесінде студенттердің коммуникативті және әлеуметтік дағдыларын дамытуды, ерекше денсаулық мүмкіндіктері бар адамдардың әлеуметтік, эмоционалды және мінез-құлық қиындықтарының ерекшелігі туралы білімді қалыптастыруды қамтиды, сонымен қатар инклюзивті білім беру және кәсіби ортада туындайтын тұлғааралық өзара әрекеттесу мәселелерін шешуге көмектесуге арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Нормативтік қазақ тілі

    Бұл пән бойынша білім алушылардың қазіргі қазақ тілінен алған теориялық ұғымы практикамен ұштастырылып талдау, қорытындылау дағдылары қалыптастырылады. Сабақтардың дені жаттығу жұмыстарынан тұрып, білім алушылардың өз беттерінше ізденіп, шығармашылықпен шұғылданып, еңбектене қайталап отырған тіл фактілері туралы тереңірек білім алуына көмектеседі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Абайтану

    Абайдың гуманистік ілімдеріне бой алдырған толыққанды, адамзатты сүйетін, адамгершілігі мол, толерантты азаматты қалыптастыру. Абайдың мәңгілік құндылықтар туралы ойларына терең махаббат тәрбиелеу: оның өлеңдері мен прозаларында көрсетілген оқу, білім, ғылым, өнер, тәрбие, адамгершілік; ақын-ойшылдың дүниетанымына әсер еткен негізгі көздерді көрсету; Шығыс мәдениетінен, Ислам философиясынан шыққан Ар-намыс пен ар-ождан түсінігін игеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тiлінің лексикологиясы мен лексикографиясы

    Бұл пән негізгі сөздерді, фразеологизмдерді, олардың тобын ғана емес, тілдің қалыптасқан лексикалық жүйесін зерттейді. Лексикология мен лексикографияның қарастыратын негізгі мәселелері – сөздердің, тұрақты сөз тіркестерінің лексикалық жүйеде алатын орны мен мағыналық жағының пайда болуы, даму, қолданылу деңгейі, сөздердің мағыналық, семантикалық қатынасына қарай жіктелуі, сөздердің лексикалық мағыналарының түрлері, эмоциялық, стильдік сипаты.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық негіздері

    Бұл пәнді оқу кезінде студенттер көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, кәсіпорын, аймақ және тұтастай ел деңгейінде әсер ету әдістерін қолдана отырып, адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқарудың әдістемесі мен практикасын игереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мәнерлеп оқу

    Пән аясында білім алушылар сөйлеу техникасын меңгереді. Мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне көтерілу үшін, тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін көп жаттықтырады, сөйлеу техникасын жақсы біліп, игереді. Дикцияны жетілдіреді, сөйлегенде дұрыс тыныс алуға машықтанады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеулердің негіздері және академиялық хат

    Пән оқытылатын саладағы ғылыми зерттеулер әдістері мен академиялық хатты зерттеуге бағытталған. Білім алушылар тұжырымдамалық аппаратпен және зерттеу жұмысының негізгі кезеңдерімен, әдістердің жіктелуімен, оларды қолдану салаларымен танысады. Білім алушылар ғылыми зерттеулерді сандық және сапалық талдау дағдыларын игеруге және оның нәтижелерін академиялық ортада мақала мен баяндамалар түрінде ұсынуға үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми шығармашылық технологиялары

    Бұл пәнді игеру барысында білім алушылар ғылыми әдебиет тілінің ерекшеліктерімен, ғылыми шығарманың құрылымымен, библиографиядан дәйексөз алу және ресімдеу ережелерімен танысады, ғылыми әдебиетті аннотациялау және рефераттау білігін дамытады, өз мәтінін жазуға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Пән білім алушыларда жеке қаржыға қатысты шешімдер қабылдау кезінде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастырады. Пән аясында білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды іс жүзінде қолдануға, жинақтарды көбейтуге, бюджетті сауатты жоспарлауға, салықтарды есептеуге, салық есептілігін дұрыс толтыруға, қаржылық проблемалар туындаған кезде қаржылық шешімдер қабылдауға және қаржылық алаяқтықты тануға үйренеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

    Пән филолог маманының кәсіби қызметінің ерекшелігін, мәнін ашуға көмектеседі, грамматиканы оқыту үдерісінде алған білімін байқататын негізгі қолданыс салаларына қажетті пән, жоғары біліктілікті,сонымен қатар бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына ықпалын тигізеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудің инновациялық технологиялары

    Бұл пән білім алушыларға заманауи интерактивті педагогикалық технологияларды меңгертуді көздейді. Пән аясында студенттер технологияларды ұтымды және орнымен қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

    Пән қазақ тілінің тарихи дамуын, зерттелуін қарастырады. Білім алушылар фонетика, морфология, синтаксис заңдарымен танысады. Өзгерістерді бақылайды, ежелгі қазақ тілінің дыбыстарының, формаларының, лексикалық құрамының ерекшеліктерін анықтайды, қазіргі грамматикамен салыстырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салғастырмалы грамматика

    Пән қазіргі қазақ және орыс тілдерінің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін салыстыру және талдау дағдыларын қалыптастырады. Осы пәнді игеру барысында білім алушылар түрлі мәтіндермен жұмыс істейді, тілдердің артикуляциялық ерекшеліктерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект негіздері

    Пәнді оқудың мақсаты: әртүрлі салаға бейімделген интеллектуалды жүйелерді құрудың қазіргі теориясы мен тәжірибесі туралы тұтас жүйелі түсінік қалыптастыру. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер жасанды интеллекттің негізгі ұғымдары мен терминдерін біледі және олармен жұмыс істеуді үйренеді, өздерінің кәсіби қызметтерінің тиімділігін және нәтижелерін жақсарту үшін жасанды интеллекттің принциптерін, әдістерін және идеологияларын түсінеді, бағдарламалық құралдары мен әдістерін қолданады, сондай-ақ жасанды интеллектті пайдаланудың этикалық аспектілерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы (1900-1930ж.)

    Пән аясында білім алушылар 1900-1930 жылдар аралығындағы әдеби-көркем шығармалар мен көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығын жан-жақты қарастырады, әдебиетімізде бар дәстүрлердің дамуы мен жаңашылдықтың негіздерін таниды, кейінгі әдебиеттің өркендеуінің түрлі реңктерін айқындайды, бұрынғы-кейінгі әдебиеттің жетістіктерін терең зерделейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасырдағы тарихи проза

    Бұл пән аясында ХХ ғасырдың екінші жартысында жарық көрген прозалық шығармалар талданып, олардың көркемдік, жанрлық, тақырыптық-идеялық ерекшеліктері сөз болады. Тарихи тақырыпқа жазылған романдардың композициясы, сюжеті, образдар жүйесі талданып, объективті баға беріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті

    Бұл пән білім алушыларды ХХ ғасырдың орта тұсындағы әдеби процесспен, әдебиет тарихымен таныстырады, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы және олардың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, еңбектерінің көркем құндылығы жөнінде ой-тұжырым жасауға үйретеді, проза, поэзия, лириканың дамуы мен қалыптасуы, әдебиеттану мен сынның дамуы, байланысы жайында пікір алмасу дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Аударманың теориясы мен практикасы

    Пән білім алушыларға аударма тарихы, түрлері, бір тілден екінші тілге аударма жасау техникасы жөнінде түсінік береді. Теориялық білімдерін сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін аудару барысында қолдануға дағдыландырады. Екі тілдің грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктеріне мән беруге, түрлі тәсілдерді тиімді қолдануға үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ тілінің фразеологиясы

    Пән аясында білім алушылар фразеологизмдердің теориялық негізімен, зерттелуімен, фразеологизмдерге ұйытқы сөздермен, оларды топтау мәселесімен танысады. Фразеологиялық норма және одан мақсатты, мақсатсыз ауытқудың түрлерін, көркем шығарма тіліндегі тұрақты тіркестерді, фразеологизмдердің пленастикалық, элипсистік тәсілімен жұмсалу ерекшелігін зерделейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Спичрайтинг негіздері

    Бұл пәнді оқу кезінде білім алушылар аудиториямен жұмыс істеуге, тақырыпты насихаттауға, белгілі бір фактілер мен оқиғаларды көпшілік алдында түсіндіруге арналған аналитикалық материалдар жасау дағдыларын игереді. Аудиторияны да, жазылған мәтінді оқитын адамды да сезінуге үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі

    Бұл пән бойынша жай сөйлемнің грамматикалық ерекшеліктері оқытылады. Жай сөйлемнің түрлері және олардың құрылымдық белгілері қарастырылады. Синтаксистің теориясы практикалық жағынан талданады. Жай сөйлемнің түрлеріне, сөйлемнің құрамындағы сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлеріне талдау жасалады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Корпустық лингвистика

    Бұл пән білім алушыларға корпустық лингвистиканың негіздерін меңгертуге бағытталған. Пән аясында білім алушылар лингвистикалық корпустарды құрастыру мен қолданудың жалпы принциптерін қарастырады, корпустық лингвистиканың тұжырымдарымен танысып, мәтіндермен жұмыс істеудің технологияларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Аудармашы жұмысындағы Интернет-технологиялар

    Бұл пән ғаламтор арқылы түрлі мәтіндер аудармасын тиімді жолмен жүзеге асыру тәсілдерімен таныстырады. Аударылатын мәтінді алдын ала өңдеу, қажет болған жағдайда оны ықшамдау, маңызды емес ақпаратты алып тастау, жалпылау әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы

    Пән аясында қазақ халқының рухани өмірінің көрінісі боп саналатын ақындар мен жыраулардың шығармашылық болмысы турасында белгілі бір жүйеге түскен сындарлы ұғым, білім қоры қалыптастырылады. Халықтың ауыз әдебиеті мен жеке авторлар шығармашылығының рухани үндестік табуы арқылы жасалған ұлт әдебиеті тілдік тұрғыдан зерделенеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Копирайтинг негіздері

    Осы пәнді оқу аясында студенттер жарнамалық, ақпараттық, презентациялық және басқа мәтіндерді құруды және орналастыруды үйренеді, контентті құру және орналастыру стратегиясын қалыптастыру дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Іскерлік риторика

    Бұл пән білім алушыларды әңгімелесу, келіссөздер, кеңестер және т.б. өткізу кезінде әртүрлі салаларда табысты қарым-қатынас жасауға дайындайды, ауызша іскерлік байланыстың сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, психологиялық мәдениетті, қызметтік өзара іс-қимыл этикасын меңгеруге көмектеседі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ілеспе аударма негіздері

    Осы пән аясында студенттер синхронды аударманың тарихымен, түрлерімен, синхронистерге қойылатын негізгі талаптармен танысады. Пән көзбен шолу және есту арқылы жүзеге асырылатын ілеспе аударманың, ауызша бірізді және екі жақты аударманың бастапқы дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазiргi қазақ тiлiнiң құрмалас сөйлем синтаксисі

    Пән аясында білім алушылар сөйлем синтаксисі мен сөз тіркесі синтаксисінің яғни сөз, сөз тіркесі сөйлемнің құрылыс материалы екендігін, құрмалас сөйлем түрлерін ажыратуды үйренеді. Пән мәтін синтаксисінің өзіндік ерекшеліктерінің элементтерін құрмалас сөйлем материалдары негізінде толық бағдарлауға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құжаттаманы басқару негіздері

    Бұл пән білім алушыларда құжаттарды басқару дағдыларын қалыптастырады, іскерлік (басқарушылық) операциялардың жүргізілуін дәлелдеу мақсатында ұйымдарда құжаттарды жасау, пайдалану, сақтау және жою бойынша жоспарлы және тиімді іс-қимылдарға үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Функционалдық стилистика

    Бұл пән білім алушыларды стилистика ғылымының теориялық негіздерімен таныстырып, қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мағлұмат беріп, оларды ажыратудың жолдарын көрсетеді. Білім алушыларға стилистикалық норманы меңгертеді, сөздердің, басқа да тілдік тұлғалардың қолданылуына қарай туындайтын мағыналық реңктерін, стильдік қырларын ажырата білуге үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазiргi қазақ әдебиетi және әдеби сын

    Бұл пән аясында білім алушылар тәуелсіздіктен кейінгі жазылған шығармалармен таныс болады. Тәуелсіздіктен кейінгі жазылған тарихи романдар мен повестердің ерекшелігін, шығармалардағы жаңашылдықтарды ажырату және заманауи жазылған шығармаларды өмірмен байланыстары отырып, көркемдік жанрлық-тақырыптық, тілдік-стильдік, ғылыми-танымдық ерекшеліктерін жаңаша талдап, өзекті мәселелерді айқындауға үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Латын негізді қазақ әліпбиі

    Осы пән аясында білім алушылар латын әрпіне негізделген әліпбидің құрамымен, жаңа емлемен танысады. Жаңа үлгідегі әріптерді еркін оқуға, жазуға дағдыланады. Латын негізді қазақ әліпбиін енгізу саясатымен танысып, осы мәселеге қатысты пікірталастарға өзіндік көзқарас білдіруге дағдыланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құрмалас сөйлем синтаксисінің практикумы

    Бұл пәнді игеру нәтижесінде білім алушы құрмалас сөйлемдердің синтаксистік жүйесін, құрмалас сөйлемнің сипаты мен түрлерін ажыратуды меңгереді, теориялық білімді практикамен ұштастыруды, тіл фактілерін нақты танып, олардың сөйлеу мәдениетін, жазу сауатын қолдануді игереді. Мәтін құрамындағы құрмалас сөйлем жүйесін талдай алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Филологиялық ілімдер тарихы, қазіргі жағдайы және даму перспективалары туралы түсініктерін көрсете білу қабілетіне ие болу.
  • Тіл білімі, әдебиет теориясы, қазақ әдебиеті тарихы, әлем әдебиеті тарихы саласындағы негізгі ережелер мен тұжырымдамаларға қатысты білімін, әдеби және фольклорлық мәтіндердің жанры жөніндегі түсініктерін айқын көрсете білу.
  • Тілдік және әдебиеттік фактілерді жинау және талдау бойынша негізгі дағдыларды қалыптастыру.
  • Тіл білімі және әдебиеттану саласындағы іргелі білімдері мен дағдыларын білім беру мекемелерінде филологиялық пәндерді оқыту кезінде құзыретті шешімдер шығару мақсатында қолдану.
  • Түрлі типті мәтіндерді әзірлеудің және өңдеудің (түзету, редакциялау, комментарий жазу, рефераттау) базалық дағдыларын қалыптастыру, аналитикалық материалдарды, жарнамалық, ақпараттық, презентациялық және басқа мәтіндерді құру дағдыларын меңгеру, контентті құру және орналастыру стратегиясы бойынша білімдерін көрсету.
  • Тілдер арасындағы өзара үндестік пен өзгешіліктерді ұғыну арқылы оларға салғастырмалы талдау жасау дағдысын қалыптастыру; сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару техникасын игеру, аударма түрін ажырата білу қабілетіне ие болу.
  • Жүргізілетін зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми шолулар, аннотациялар дайындау, реферат жазу, библиография құрастыру дағдыларын, библиографиялық сипаттау тәсілдерін игеру, іздеу жүйелерін білу, құжаттарды басқару дағдыларын қалыптастыру.
  • Қазіргі қазақ жазуының емле және тыныс белгілерінің заңдылықтарын білу, қазақ тілінің сөзжасам теориясы туралы негізгі ұғымдарды қалыптастыру, салыстыру, талдау, жалпылау дағдыларын іскери құжаттармен жұмыс істеу кезінде қолдану; сөйлеу техникасын көрсете білу.
  • Ақпараттық және библиографиялық мәдениет негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, жасанды интеллектті қолдану арқылы және ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отыра кәсіби қызметтің қалыпты міндеттерін шешу.
  • Тіл және әдебиет теориясы мен тарихы саласындағы озық білім элементтеріне, заманауи технологияларға негізделген білімдерін түрлі кәсіби салада, ғылыми-зерттеу қызметінде қолдану, мәліметтерді талдау мен автоматтандыруға қатысты типтік міндеттерді шешу үшін жасанды интеллект алгоритмдерін қолдану, тіл мәдениетін меңгеру, ауызша іскерлік қарым-қатынастың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, психологиялық мәдениетті, қызметтік өзара іс-қимыл этикасын меңгеру.
  • Құқықтық, экологиялық білім жүйесін меңгеру, табысты кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың теориялық және практикалық дағдыларын қолдану, адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқын тиімді басқара білу.
  • Басқару әдістерін анықтайды, орындаушылардың жұмысын ұйымдастырады, қарама-қайшы талаптар жағдайында басқару шешімдерін табады және қабылдайды.
Top