6B01301 Бастауыш білім беру (IP) в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жалпы, педагогикалық және пәндік құзыреттіліктері бар, конструктивті үйлестіру және білім берудегі заманауи тенденциялар негізінде кәсіби қызметті табысты жүзеге асыра алатын бастауыш білім беру педагогтарын дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Абайтану
Мақсаты: А.Құнанбайұлы арқылы «Қазақтану» жобасындағы «ұлттық кодты» сақтау мен дәріптеу Мазмұны: ХІХ-ХХғ. Қазақстан тарихына, қазақ әдебиетіне тарихи шолу жасау. Абайтану саласының дамуындағы ХХ-ХХІ ғасырдың абайтанушылардың еңбектері. Абайдың шығармашылығының хронологиясы. Абай - қазақ халқының ұлы ақыны, этнограф, қазақ жазба әдебитінің негізін салушы. Абай - «Қарамола Ережесі» заңдар жинағының құрастырушысы, қоғамдық маңыздылығы. Абай - ойшыл, дінтанушы, философ. Абай білім және ғылым саласындағы рөлі, «Толық адамды» қалыптастыру идеясы. Абайдың аудармалары, поэмалары, «Қара сөздері», «Абай жолы» роман-эпопея. Қ.Тоқаев «Абай және Қазақстан ХХІ ғасырда» маңыздылығы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жасанды интеллект негіздері
Мақсаты: Жасанды интеллекттің (ЖИ) теориялық негіздерін, әдістері мен қолдану салаларын үйрету. Студенттер ЖИ алгоритмдерінің логикасын, модельдерін, және оларды практикалық мәселелерді шешуде қолдану жолдарын меңгереді. Мазмұны. Жасанды интеллект ұғымы және даму тарихы, ақпаратты өңдеу және білімді ұсыну тәсілдері, логикалық ойлау және білім базалары, шешім қабылдау және сараптамалық жүйелер, іздеу алгоритмдері және ойын теориясы, машиналық оқытуға кіріспе, нейрондық желілердің негіздері, табиғи тілді өңдеу негіздері
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мұхтартану
Мақсаты: Мұхтартану ғылымының қалыптасу тарихын, даму бағытын студенттерге ұғындыру, М.Әуезов шығармашылығы туралы әдебиет тарихы контекстінде тарихи, әдеби түсінік қалыптастыру. Мұхтартану пәні бойынша өз бетімен ізденістер жүргізуге, өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру. Мазмұны: М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолы, Семей, Ташкент, Санкт-Петербург кезеңдері, М. Әуезовтің публицистикасы, жазушының «Абай», «Шолпан» журналдарындағы қызметі, «Қорғансыздың күні», «Қыр суреттері», «Оқыған азамат», «Көксерек» әңгімелері, «Еңлік-Кебек» пьесасы, «Қилы заман», «Қараш-қараш» оқиғасы» повестері, «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Абай Құнанбаев» монографиясы, М.Әуезовтің Оңтүстікке жасаған ғылыми-шығармашылық сапары туралы мағлұмат алады. Жазушының шығармаларының тақырыбы мен идеясы, кейіпкерлер әлемі, көркемдік болмыс-бітімі жайлы жан-жақты танысады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, тұлғаның берік адамгершілік негіздерін, азаматтық ұстанымын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың орнықты дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Құқықтық нигилизмді еңсеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында білім алушылардың құқықтық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа саналы көзқарасты қалыптастыру.Сыбайлас жемқорлық мінез-құлқынан, сыбайлас жемқорлық моралінен, этикасынан адамгершілік тұрғыдан бас тарту.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қажетті дағдыларды игеру.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандартын жасау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау, заңдылық, заңға құрмет идеяларын тарату.Сыбайлас жемқорлықтың табиғатын түсінуге, оның көріністерінен әлеуметтік шығындарды сезінуге, өз ұстанымын дәлелді қорғай білуге, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін еңсеру жолдарын іздеуге бағытталған қызмет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ЖИ қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Математикалық білім берудің тұжырымдамалық негіздері
Курста бастауыш сынып оқушыларына математиканы сауатты оқытуға қажетті математикалық материал берілген, математикалық ұғымдар мен фактілердің мәнін терең түсінуге ықпал етеді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сауаттылық пен көркем жазуға оқыту әдістемесі
Бұл пән сауаттылыққа және көркем жазу негіздеріне оқыту негіздерін қалыптастыруға бағытталған
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бастауыш мектептегі арт білім беру
Курсты оқу үдерісінде болашақ мұғалімдер ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, өнердің әртүрлі түрлерін бастауыш мектепте пәндерді оқыту құралы ретінде пайдалана алады; баланың тұлғалық дамуын ескере отырып, оның дербестігін дамытуға қолдау көрсетеді. Бастауыш мектептің білім беру үрдісін зерттей және зерделей отырып, студенттер арт технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, оқу-әдістемелік мазмұнды жасайды. Олар оқу үдерісін біріктіру және саралау үшін арт технологияларды пайдаланады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері және еңбек
Курс болашақ мұғалімдердің шығармашылық қабілеттері мен көркемдік шеберліктерінің дамуын қамтамасыз ете отырып, бейнелеу өнері мен көркем шығарманы кіріктіруге бағытталған
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
Болашақ мұғалімдер оқытудың әртүрлі теориялары мен педагогикалық үлгілеріне жетелейтін тұлғаның тұжырымдамалық бейнелері сияқты педагогика ғылымының негіздерін меңгереді. Теориялық тұжырымдамаларды түсіну негізінде болашақ мұғалімдер әртүрлі оқу жағдайларына сәйкес педагогикалық таңдау жасай алады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Бастауыш мектептегі тәрбиелеу жұмысының теориясы және технологиясы
Курста ұлттық құндылықтар негізінде бастауыш мектепте тәрбие жұмысы технологиясының теориялық негіздері, тәрбие үдерісінің мәні, оның нысандары мен әдістері ашылады, отандық және шетелдік педагогикалық теория мен практикада тәрбиелеудің заманауи тұжырымдамалары және үлгілері ұсынылады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Табиғат және қоғам
Курста биология және экология, зоология, жертану, дүниетану салаларындағы білімдерді қамтитын тақырыптардың кең ауқымы берілген. Жертану мәселелері, географиялық заңдылықтар мен табиғат компоненттерінің арасындағы себеп-салдарлық байланыстар, ботаника мен зоология негіздері, жанды және жансыз табиғат пен адам арасындағы байланыстар қарастырылады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектептегі жаратылыстану және дүниетануға оқыту әдістемесі
Курс бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесін игеруде жаратылыстану және дүниетану саласындағы теориялық білімдерін қолдануға бағытталған. Курсты оқу барысында болашақ мұғалімдер бастауыш сынып оқушылардың оқуы және тәрбие саласындағы дағдыларын жетілдіреді. Қоршаған ортаны танудың әмбебап әдістері мен қазіргі жаратылыстану заңдылықтары туралы ойлар қалыптасады. Болашақ мұғалімдер бастауыш сыныптарда дүниетану және жаратылыстану сабақтарын өткізудің әдістерін, нысандарын, амалдарын зерттейді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасы психологиясы
Курс бала психологиясының бүкіл қалыптасуы мен дамуының іргелі жетістіктерін, мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы баланың психикалық дамуының әлемдік және отандық теорияларын талдауды қамтиды. Курс тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы баланың психикалық әрекетінің әртүрлі салаларын және жеке тұлғасын зерттеу және диагностикалау әдістерін меңгеруге көмектеседі
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Балалардың жас ерекшелік және физиологиялық даму ерекшеліктері
Болашақ мұғалімдер психиканың қалыптасуымен, оның қызметімен және даму заңдылықтарымен танысады. Болашақ мұғалімдер білім алушылардың даумын бақылай алады және соған сай жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үрдістерін жоспарлап, жүзеге асыра алады және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере алады. Болашақ мұғалімдер әр түрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда және жағдаятқа сай әрекет ете алады және жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Экожүйе және құқық
Мақсаты: Экономика, құқық, антикоррупциялық мәдениет, экология және тіршілік қауіпсіздігі, кәсіпкерлік, ғылыми зерттеулер әдістері саласында интеграцияланған білімді қалыптастыру. Мазмұны: Адам мен табиғаттың қауіпсіз өзара іс-қимылының, экожүйелер мен биосфераның өнімділігінің негіздері. Ресурстардың шектеулілігі жағдайындағы қоғамның кәсіпкерлік қызметі, бизнес пен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі саласындағы қатынастарды реттеу. Қазақстандық құқықты, субъектілердің міндеттері мен кепілдіктерін білу, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету үшін қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуді білу және сақтау. Ғылыми зерттеулер әдістерін қолдану. Жасанды интеллекттің құқықтық негіздері. Инклюзия-халықаралық заңнаманың стратегиясы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектеп оқушысының зерттеу қызметін дамыту
Курсты оқу барысында болалшақ мұғалім бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық және зерттеушілік әрекетін ұйымдастыра алады; әртүрлі зерттеулерді сыни тұрғыдан бағалап, бастауыш мектеп үшін оқу-әдістемелік мазмұнды құрастыра алады, топта жұмыс істеп, зерттеу дағдыларын көрсете алады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім берудегі психология, өзара әрекеттесу және байланыс
Болашақ мұғалімдер заманауи психологиялық теориялар мен үлгілер, сондай-ақ тұлғаның қызметі және оның жеке қасиеттері туралы білімге ие. Олар бұл білімді әртүрлі білім беру мәнмәтінінде мұғалімдік қызметінде қолдана алады. Болашақ мұғалімдер білім беру үрдісінде диалогты, өзара әрекеттесуді және қарым-қатынасты дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал етеді. Олар білім алушылардың отбасыларымен, сондай-ақ серіктестіктің басқа да түрлері шеңберінде қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесуге және ынтымақтасуға және өздерінің педагогикалық қызметін дамытуға қолайлы жаңа өзара байланыстар жасауға қабілетті
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектеп педагогикасы
Курста бастауыш мектеп педагогикасы, жалпы даму заңдылықтары, жастық кезеңдер, оның ішінде мектепке дейінгі және бастауыш мектеп оқушыларының кезеңдері, педагогикалық үдерістің ерекшеліктері, оқытудың мәні мен мазмұны, оқыту әдістері, түрлері мен нысандары, тәрбиелеу үдерісінің мәні, тұлғаға бағытталған тәрбиелеу, мектептегі оқу үдерісін диагностикалау мәселелері қарастырылады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шағын жинақталған бастауыш мектептегі білім беру үдерісінің ерекшеліктері
Бұл курс болашақ мұғалімдердің бойында шағын жинақталған мектепте сынып-толымдама жағдайында білім беруді ұйымдастырудың құзыреттіліктер блогын қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Бастауыш сыныптарда жобаларды құру
Курсты оқу барысында олар бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтары мен қабілеттеріне сүйене отырып, оқытудың инклюзивті, интеграцияланған және белсенді тәсілдеріне назар аудара отырып, жеке және ұжымдық жобалық әрекеттерді құруға және басқаруға үйренеді, олардың зерттеу қажеттіліктерін шығармашылық өнім құруға бағыттай аладыv
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық
Мақсаты: Қаржылық әл ауқатқа жету үшін маңызы бар жеке және отбасылық қаржылық ресурстарды басқаруды, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруды дағдыларын оқыту. Мазмұны: Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны қалыптасу шарттары. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық түрлері. Кәсіпкерліктегі тәукелділік. Кәсіпкерліктегі бизнес-жоспарлау. Кәсіпкерлік келісімдерді ұйымдастыру. Кәсіпкерліктегі мәдениет және этика. Кәсіпкерлік қызметің қаржыландыру. Қаржылық сауаттылық түсінігі, мақсаттары мен міндеттері.Ақша,есеп айырысу және төлемдер. Жеке қаржы: кіріс,шығыс, бюджет. Салықтар және жеке тұлғаларға салық салу. Зейнетақылар және сақтандыру. Халыққа банктік қызмет көрсету. Жеке тұлғалардың банкроттығы және қаржылық тәуекелдер. Қаржылық пирамида және жеке қаржылық қауіпсіздік.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектептегі робототехника
Бұл курс ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кәсіби қызметте, оқуда және күнделікті өмірде құрал ретінде пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Өлкетану
Курс болашақ мұғалімдерді мектептегі оқу үрдісінде және сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларымен өлкетану жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Этнопедагогика
Курс болашақ мұғалімдерді халықтық тәлім-тәрбие дәстүрлерінің шығу тегімен, мәнімен, ерекшеліктерімен және практикалық маңызымен, қазіргі тәрбие парадигмаларына халықтық педагогиканың әсерімен, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетімен таныстырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бос уақыт педагогикасы
Курс болашақ мұғалімдерді бастауыш мектеп жасындағы балалардың бос уақытын ұйымдастырумен таныстырады. Бұл қызметтің тарихи, мәдени, педагогикалық, құқықтық негіздері қарастырылады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру ортасы
Болашақ мұғалімдер оқыту үдерісінде білім алушылардың әртүрлілігін түсінеді, сондай-ақ олардың өмірі мен оқу жағдаяттарын ескеру мүмкіндігіне ие. болашақ мұғалімдер тиісті АКТ, үйретуші және көмекші технологияларды қолдана отырып, білім алушыларды оқытуды және оларды білім беру үдерісіне қосуда қолдайды. Болашақ мұғалімдер қауымдастықпен (мұғалімдер, білім алушылар, ата-аналар/қамқоршылар) ынтымақтастықта, психологиялық және этикалық тұрғыдан олардың әл-ауқатын қолдайды
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Балалар әдебиеті және мәтінді талдау
Курс болашақ мұғалімдерді отандық және шетелдік балалар әдебиетінің дамуының негізгі кезеңдерімен, осы пәннің ғылыми теориясының маңызды ережелерімен таныстырады. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ескере отырып, балаларға арналған шығармаларды тәжірибеге бағытталған талдауға көп көңіл бөлінеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектепте мазмұнға және тілге кіріктірілген оқыту (CLIL)
Пән бастауыш мектепте CLIL (Content and Language Integrated Learning) пәндік-тілді кіріктірілген оқытуды қалыптастыруға бағытталған
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бағалау және дамыту
Болашақ мұғалімдер оқу үдерісінде бағалаудың мәнін терең түсінеді және оқу үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде этикалық түрде конструктивті бағалауды қамтамасыз ете алады және білім алушыларды бағалауға тарта алады. Болашақ мұғалімдер бағалаудың әртүрлі технологияларын, принциптерін, кезеңдерін, өз білім саласын бағалау құралдарын (қалыптастырушы және жиынтық бағалауды, өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды және т.б. қоса алғанда) анықтайды, саралайды және пайдаланады. Олар бағалауға қатысты өздерінің түсініктері мен тәжірибелерін сыни тұрғыдан бағалауға, талдауға және оларды әрі қарай дамытуға қабілетті
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Бастауыш мектепте музыканы оқыту әдістемесі
Мақсаты: Болашақ мамандарды музыка арқылы мектеп оқушыларға эстетикалық тәрбие беруді ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері мен әдістеріне үйрету. Мазмұны: Музыкалық білім берудің теориялық негіздері, музыка сабағының мазмұны, оқу-әдістемелік құжаттама, сабақты жоспарлау, бастауыш мектепте музыка сабағын ұйымдастыру әдістері. Бастауыш сыныпта музыка сабағын ұйымдастыру формалары. Сыныптан тыс жұмыстардың рөлі, оларды ұйымдастыру. Шағын жинақты мектепте музыканы оқыту әдістемесі. Қазақ халық музыкасының баланы эстетикалық тәрбиелеудегі рөлі, балалардың музыкалық іс-әрекетін ұйымдастырудың формалары мен әдістері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Театрлық педагогика
Болашақ мұғалім білім беру ортасында қолайлы психологиялық ахуал туғыза алады, сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда шығармашылық атмосфераны сақтай алады, өмір бойы білім алу дағдылары көрсете алады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шет тілі мен мәдениеті әлеміндегі бастауыш мектеп оқушысы
Бұл пән шет тіліне мәдениет арқылы және мәдениетке тіл арқылы оқыту негіздерін қалыптастыруға бағытталған
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім берудегі жаһандық келешектер
Курста қоғам мен экономиканың дамуындағы жаһандық тенденциялардың білімге, оның ішінде бастауыш мектепке әсері мәселесі, қазіргі қоғамдағы бастауыш мектептердің рөлі қарастырылады, бастауыш білім беру саласындағы халықаралық тәжірибені және заманауи зерттеулерді салыстыру негізінде бастауыш білім берудің проблемалары мен тәуекелдері талданады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектеп оқушыларына тілдік білім беру әдістемесі
Бұл пән бастауыш сынып оқушыларының тілдік білім негіздерін меңгеруіне бағытталған. Курстың мазмұны бастауыш сынып оқушыларына ана тілін оқытудың әдістемесі мен технологияларын қарастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектеп оқушыларына STEAM білім беру
Бастауыш сынып оқушыларының зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған пәндердің өзара байланысын пайдалану қабілетін қалыптастыруға бағытталған
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Оқытуды жоспарлау және оқытуды дербестендіру
Болашақ мұғалімдер өздерінің оқыту саласындағы білім беру бағдарламаларымен, сондай-ақ кәсіпкерлік пен тұрақты даму сияқты білім берудің белгілі бір деңгейін дамытудың педагогикалық қағидаларымен және қиылысатын тақырыптарымен таныс. Болашақ мұғалімдерде педагогикалық және өз бетінше ізденістерге негізделген оқыту технологияларын қолдану және оқыту үдерісіне оқушылардың жан-жақтылығын және инклюзия қағидаларын ескере отырып, оқытуды дараландыру дағдылары бар
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық дамуы және сыни тұрғыдан ойлауы
Мектепалды даярлық мұғалімдері сыни тұрғыдан ойлауды танымдық дағды ретінде біртұтас қарастырады, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын көрсетеді және әртүрлі пәндер бойынша, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс іс-әрекеттерінде әртүрлі стратегиялар арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыта алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бастауыш мектепте шет тілін оқыту әдістемесі
Бұл пән бастауыш мектепте шет тілін (ШТ) оқыту негіздерін қалыптастыруға бағытталған
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Есептерді шешу бойынша практикумы бар математикаға оқыту әдістемесі
Курс математиканы оқыту әдістемесі және есептерді шешу практикумы, математикалық ұғымдар мен фактілерді меңгеру, негізгі математикалық бағыттар бойынша теориялық және практикалық ақпаратты талдау, болашақ мұғалімдердің логикалық және алгоритмдік ойлауын дамыту, бастауыш сынып оқушыларының математикалық білімі мен функционалдық сауаттылығын дамыту саласында дағдыларды меңгеруге бағытталған
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқыту әдістері мен технологиялары
Болашақ мұғалімдер оқытудың стратегиялары мен әдістемелерін жан-жақты түсінеді және оларды нақты педагогикалық жағдайларға, мектептің нақты шарттарына және оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін инновациялық әдістермен жоспарлауда, оқытуда және бағалауда қолдана алады. Болашақ мұғалімдер білім беру үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде қолайлы инклюзивті, физикалық және онлайн оқыту ортасын құра алады. Болашақ мұғалімдер оқу материалдарын жоспарлау кезінде авторлық құқық пен деректерді қорғау ережелерін түсінеді және қолдана алады. Болашақ мұғалімдердің дидактика, оқыту технологиялары мен оқушыларды ынталандыру әдістері бойынша қажетті білімдері бар, оқушыларға қажетті педагогикалық көмек көрсете алады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сөйлеу қабілетін қалыптастыру бойынша практикум
Пән болашақ мұғалімдердің сөйлеу әрекетін дамытуға бағытталған
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Педагогикалық зерттеулер
Бұл курс болашақ мұғалімдерге педагогикалық зерттеулердің теориялық негіздерін береді. Болашақ мұғалімдер түрлі сенімді көздерден теориялық білімді іздеу және сыни тұрғыдан іріктеу дағдысын меңгереді, педагогикалық ойлау мен практиканы дамытуда зерттеу нәтижелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады, зерттеулерге негізделген оқыту мен білім алуға, сондай-ақ осы дағдыларды үздіксіз дамытып, өздерін кәсіби тұрғыдан жетілдіруге ықпал етуге дайын болуы тиіс
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық риторика
Бұл курстың мақсаты педагогикалық құзыреттіліктің келесі бағыттарын арттыру болып табылады: Өзара әрекеттесуге арналған құзыреттілік саласы Педагогтердің жұмыс ортасы үшін құзыреттер саласы. Курс студенттерде кәсіби коммуникативтік құзыреттіліктің қажетті деңгейін қалыптастыруға; студенттерді шешендік өнердің, іскерлік сөйлеудің негіздерін, тиімді қарым-қатынас әдістерін табысты меңгеруге дайындауға бағытталған
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш білім берудегі заманауи технологиялар
Курс бастауыш сынып оқушыларын оқытудың әртүрлі технологияларын қолданумен байланысты пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға, сондай-ақ бастауыш білім берудің заманауи тәсілдерін түсінуге бағытталған. Болашақ мұғалімдер білім беру саласындағы озық тәжірибелер мен ғылыми зерттеулерді зерделеу арқылы оқытудың технологияларымен, соның ішінде оқыту мен тәрбиелеудің баламалы тәсілдерімен танысады. Педагогикалық практикада және практикалық жаттығуларда кейбір зерттелген қазіргі білім беру технологияларының технологиялық үдерісін пайдалана отырып, кейбір стратегияларды қолдана алады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Action Research
Мақсаты: болашақ маманның кәсіптік мүдделер саласындағы ғылыми-зерттеу компонентін дамыту. Болашақ психологтардың Action Research педагогикалық тәсілдерінің теориялық негіздерін меңгеруіне және өз ғылыми зерттеулері негізінде психологияны оқыту процестерін жоспарлауға ықпал ету. Мазмұны: Қазіргі заманғы педагогтың кәсіби даму стратегиясы. Мұғалім рефлексиясының заманауи түрі. Білім берудегі ғылыми әдіс. Әрекеттегі зерттеу. Өз идеяларының нәтижелерін рефлексиялау. SMART мақсаттар. Оқытушыға өзінің педагогикалық практикасын жақсартуға мүмкіндік беретін рефлексиялық тәсіл. Оқытудағы құндылыққа бағдарланған тәсілді іске асыру. Педагогтің құндылық бағдарын зерттеу. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізудің негізгі кезеңдері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Зерттеулер, даму және инновациялар
Болашақ мұғалімдер мұғалім ретіндегі жұмысының ғылыми дәлелді дамуы туралы білу үшін шағын зерттеу жобасын әзірлейді. Олар өздерінің зерттеу тақырыбын/сұрақтарын анықтайды, әдебиеттерге шолу жасайды және зерттеу этикасын қоса алғанда, деректерді жинау және талдау әдіснамасын әзірлейді. Курсты аяқтағаннан кейін болашақ мұғалімдер этикалық жүргізілген зерттеулер және әзірлемелердің негізінде педагогикалық іс-әрекетін дамытып, жаңарта алады, сонымен қатар зерттеу жобаларын жүзеге асыра алады немесе оларға қатыса алады. Сондай-ақ олар өздерінің зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижелерін әртүрлі кәсіби тәсілдермен және арналармен ұсына алады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мектеп буллингін алдын алу
Курстың мақсаты – қолайлы орта қалыптастыру, болашақ мұғалімдер арасында ұжымдық сыйластық қарым-қатынасты дамыту, қолайлы ахуал туғызу. Болашақ мұғалімдер балалық шақтың құндылығын, сүйіспеншіліктің маңыздылығын, бастауыш сынып оқушыларының амандығына қамқорлық жасау қажеттілігін түсінеді. Олар әдептілік танытып, педагогикалық этиканы ұстанады. Олар буллингтің кез келген көріністерінің алдын алады және ата-аналармен де, оқушылармен де сенімді қарым-қатынас орната отырып, білім беру ортасында қолайлы психологиялық ахуал құрады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш білім берудегі тьюторлық
Курс зияткерлік, физикалық, мінез-құлық, сондай-ақ дарынды және оқуда қиындықтары бар әртүрлі қажеттіліктері бар балалар үшін орта құру құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған. Болашақ мұғалім бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудегі инклюзивті, біріктірілген тәсілдерді ескеруді, сондай-ақ әрбір оқушының игілігі мен дамуы мен қолдауы үшін ата-аналармен және әріптестермен жұмыс істеуді үйренеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттік оқуға оқытудың әдістемесі
Бұл пән балалар әдебиетінің негіздерін меңгеруге бағытталған
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қауіпсіз мектеп ортасы және баланың амандығы
Болашақ мұғалімдер мектеп ортасындағы амандық туралы тұтас көзқарасқа ие болады, бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу саласындағы нақты педагогикалық мәселелерді шешудің стратегиялары мен технологияларын үлгілей алады. Курс инклюзивті және тұлғаға бағдарланған тәсілдерді ескере отырып, белгілі бір мектептің жағдайына және оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес оқытудың нысандарын, әдістерін және технологияларын бастауыш мектепте тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш білім берудегі цифрлық оқыту және медиасауаттылық
Курс қауіпсіздікке және баланың эмоционалдық, психикалық және физикалық әл-ауқатына ықпал ететін ақпараттық мәдениеттің бөлігі ретінде медиа сауаттылықты түсінуге ықпал етеді. Пән сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларын оқыту үшін цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ (орыс) тілінің негіздері
Бұл курстың мақсаты ана тілінде өзара әрекеттесу саласында коммуникативтік және лингвистикалық құзыреттілік пен бастауыш мектепте пәндерді оқыту саласындағы теориялық білімдерді қалыптастыру болып табылады. Болашақ мұғалімде ана тілі жайлы қарым-қатынас, ойлау, өзіндік ерекшелігін таныту құралы ретінде түсінік қалыптасады. Сондай-ақ ана тілінің бөлімдері туралы теориялық білімдерін жинақтап, коммуникативті дағдыларын кеңейтеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Lesson Study
Мақсаты: Педагогикалық зерттеу жұмыстарының теориялық негіздерін меңгерту және оларды ғылыми тұрғыда жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Пән аясында студенттер білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді анықтап, ғылыми әдістер арқылы зерттеу жүргізуді үйрену .Мазмұны: Педагогикалық зерттеулердің мәні мен құрылымы, ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері, зерттеу тақырыбын таңдау және мақсат қою, зерттеудің әдістері мен әдістемелік негіздері, сандық және сапалық зерттеу тәсілдері, зерттеу жоспарын құру және деректер жинау, нәтижелерді талдау және интерпретациялау, ғылыми жоба, мақала және есеп жазу, этикалық нормалар мен академиялық адалдық, білім беру жүйесінде зерттеу нәтижелерін қолдану
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қазақстандық қоғамның әлеуметтік, іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық стандарттарына сәйкес дүниетанымдық, тарихи және адамгершілікте даму үшін пәнаралық білім мен тәжірибені қолданады.
- Тұлғааралық, әлеуметтік, кәсіби және ғылыми-зерттеу іс-әрекеті деңгейінде қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде конструктивті қарым-қатынас жасауға және өзара әрекеттесуге қабілетті болады.
- Жұмыс ортасын ұйымдастыра алады, саналы түрде халықаралық және ұлттық құжаттарға, ұлттық білім беру жүйесінің қағидаларына, заңдарына және ережелеріне сәйкес өз ұйымының қызметімен және көпсалалы ынтымақтастықпен өзара байланыста жұмыс жасауға қабілетті болады.
- Кәсіби дамуға және өмір бойы білім алуға; өз құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптерін, жұмыс әдістерін көрсетуге, ойластыруға және сыни тұрғыдан бағалауға, сондай-ақ тұрақты даму мүддесінде бастауыш білім беруді, өз ұйымының және кәсіби әл-ауқатының дамуын жетілдірудің жаңа мақсаттарын қоюға қабілетті болады.
- Педагогика мен психологиядан алған білімдерін тұлғалық-бағдарлы, құзыреттілік, инклюзивті тәсілдер қағидаттарын ескере отырып, бастауыш мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу, дамыту, өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру үшін қолдана алады.
- Барлық балалар, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қауіпсіз, кедергісіз заттық-кеңістіктік ортаны жобалауға қабілетті болады.
- Бастауыш мектеп пәндерінің теориясында дүниетанымға, хабардарлыққа, 1-4 сыныптарға арналған мектеп курсын құру логикасына байланысты кәсіби білімдерін қолданады.
- Бастауыш мектептегі оффлайн және онлайн сабақтарда, соның ішінде шағын жинақты мектеп жағдайында да, оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, жасанды интеллектті, тиімді әдістерді, тәсілдер мен оқыту құралдарын қолдана отырып, жаңа тәсілдерді пайдалану.
- Әр оқушының дамуы мен әл-ауқатына қолдау көрсете отырып, функционалдық сауаттылықты, зерттеу дағдыларын және шығармашылықты дамыту үшін белсенді және интеграцияланған оқытуды үлгілеуге және ұйымдастыруға қабілетті болады.
- Ұлттық және аймақтық ерекшеліктер негізінде оқу-тәрбие үдерісін басқара алады, оқу үдерісінің мониторингісін жүргізуге, өзінің оқыту әрекетін жақсарту үшін оның нәтижелерін талдауға және қолдануға қабілетті болады.
- Педагогикалық әдеп нормалары мен академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып, жергілікті, аймақтық, республикалық немесе халықаралық деңгейде бастауыш білім беру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын өз бетінше және ұжымда жүргізуге қабілетті болады.
- Ата-аналармен және педагогикалық қауымдастықпен ынтымақтастықта бірлесіп жасалатын жұмыс аясында жағымды ортаны құру үшін эмоционалдық интеллект пен көшбасшылық дағдыларды дамытуға қабілетті болады.