6B01509 География в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты География бойынша жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, білім беру саласындағы әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шығармашылық және жоғары кәсіби, заманауи ғылыми-тәжірибелік деңгейде шешуге қабілетті педагог кадрларды даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B014 География мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Мақсаты – студенттерді қазіргі қоғам өміріндегі экономикалық мәселелермен таныстыру, экономикалық ойлауды қалыптастыру және кәсіпкерлік саласындағы теориялық негіздер мен практикалық дағдылар бойынша білім алу. Бағдарлама студенттерге экономиканың жұмыс істеу заңдылықтары туралы кешенді түсінік қалыптастыруға, кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі салаларында қолданбалы құзыреттерді меңгеруге бағытталған іскерлік білім беруді көздейді. Курс барысында тұрақты даму, ресурстарды ұтымды пайдалану және ұқыпты өндіріс қағидаттарын енгізу арқылы тиімді әрі экологиялық жауапты бизнесті жүргізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, қазіргі заманғы кәсіпкерлікке қойылатын экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік талаптарын ескере отырып, жеке бизнесті құру мен табысты жүргізудің ерекшеліктері ашылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ілиястану
Пәннің мақсаты Ілияс Жансүгіровтың шығармаларын терең әрі жан-жақты зерделеу арқылы қазақ халқының әдебиетін, өнерін, дәстүрлерін, мәдениеті мен тілін бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары терең ойлы тұлғаны дамыту болып табылады. Ілияс Жансүгіров шығармаларының қазақ әдеби тілін дамытудағы маңыздылығын түсінуді; зияткерлік-шығармашылық ойлау дағдыларын, ұлттық-рухани мұра құндылықтарын бағалай білуді қалыптастырады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы геоморфология
Метаморфизм түсінігін және олардың түрлерін, метаморфты тау жыныстарының түрлері мен петрографиялық мәліметтерді іс жүзінде геологиялық барлау жұмыстарында, пайдалы қазбалар кендерін барлау және іздеу, қорын болжау барысында қолдануылуы мүмкіндіктерін қарастырады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жалпы жертану
Географиялық қабықтың құрылысын, құрамдас бөліктерін, шекарасын, өзіне тән сапалық ерекшеліктерін, қалыптасу кезеңдерін, құрылымы мен кеңістіктік жіктелуін, негізін заңдылықтарын оқытады. Қоршаған орта мен қоғамның өзара қарым-қатынасын, ҒТР кезеңіндегі адамзаттың ғаламдық келелі мәселелерін қарастырады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы жеке қаржыны басқару саласында білім мен дағдыларды алуға бағытталған. Сондай-ақ, курс аясында білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды іс жүзінде қолдануға, жинақтарды сақтауға және көбейтуге, бюджетті сауатты жоспарлауға, қаржылық ақпаратты талдауға және инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржылық өнімдерге бағдарлануға үйренеді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Мақсаты-білім алушыларды құқықтың негізгі салалары мен институттарымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерімен, сондай-ақ мемлекет пен құқықтың пайда болу, даму және жүзеге асыру заңдылықтарымен таныстыру. Курс сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дағдыларын және мемлекеттегі және қоғамдағы құқықтың негізгі функциялары, оның құқықтық мемлекеттің, азаматтық қоғамның дамуына әсері, сондай-ақ әділ және тең құқықтық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде инклюзия құндылықтары туралы теориялық білімнің жоғары деңгейін қалыптастырады. Білім алушылардың әлеуметтік, мәдени, физикалық немесе өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, әр адамның құқықтарының маңыздылығын түсінуін қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Мақсаты – экология, тұрақты даму және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі негіздері бойынша білім қалыптастыру; бұл білімдер экологиялық үдерістерді талдауға, антропогендік қызметтің әлеуметтік-экологиялық салдарын бағалауға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ төтенше жағдайларда қолданылатын қорғаныс әдістері мен технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді. Адам денсаулығына экологиялық факторлардың әсерін бағалау дағдыларын қалыптастырады; тіршілік қауіпсіздігін арттыру және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экологиялық үдерістерді болжау, сондай-ақ апаттар, техногендік және табиғи зілзалалардың салдарын ескере отырып, қолайсыз экологиялық және төтенше жағдайларда тұрақты даму қағидаттары негізінде негізделген шешімдер қабылдау қабілетін дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы геология
Жер қартысының заттық құрамын, оның ішкі қабықтарын, жер қыртысының қыртысын, тау жыныстарын және оларды түзетін басты минералдарды оқытады; Жер қыртысындағы тау жыныстарының әр түрлі жатыс бағыттары мен геологиялық қималар бар геологиялық карталарды оқу тәсілдерін меңгертеді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Мақсаты - ғалымдардың қазіргі жетістіктеріне негізделген ғылыми зерттеулерді жүргізудің принциптері, технологиялары, практикалық әдістері мен тәсілдері туралы білімді қалыптастыру. Ғылыми мәдениет пен этиканың базалық негіздерін, ғылыми мәтіндерді икемді қабылдауды, ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру кезінде алған білімдерін тиімді қолдану дағдыларын, зерттеу нәтижелерін талдау және жалпылау қабілетін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Топырақ географиясы
Топырақтың түзілу заңдылықтарын, механикалық құрамын, табиғат жағдайларының өзгеруіне байланысты әр түрлі топырақ типтерінің кеңістіктік таралуын оқытады. Ақпараттық фактор ретінде педасфераның әр түрлі деңгейдегі географиялық зерттеулердегі маңызын, қоршаған ортаның антропогендік өзгеруінің топырақ жамылғысының жағдайына әсерін қарастырады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Жалпы гидрология
Су нысандарының жалпы жағдайын, су ресурстары қорларының таралуы мен бөлінуін, адамның шаруашылық әрекетінің олардың режимі мен сапасына тигізетін антропогендік әсерін, су ағыны мен су қоймаларының негізгі гидрологиялық сипаттарын анықтау мен өлшеудің техникалық құралдарын, гидрологиялық есептеулердің теориялық және әдістемелік негіздерін, оларды су шаруашылық жүйелерін жобалау мен пайдалануда қолдану мәселелерін оқытады
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Картография және топография негіздері
Картография пәні мен құрылымын, географиялық картаның элементтерін, жіктелуін, топографиялық, топографиялық шолу және ұсақ масштабты карталардың мазмұнын бейнелеу әдістерін оқытады. Электронды тахометр мен GPS/Глонассғарыштық қабылдауыштарының негізінде аумақты картаға түсірудің заманауи технологияларын, картографиялық географиялық ақпараттық жүйелерді қарастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Педагогика
Жаңартылған орта білім мазмұны жағдайында оқытудың жаңаша әдістері мен технологиясын қарастырады. Педагогикалық үдерісті болжау, жоспарлау және басқару, ғылыми талдау әдістерін зерттейді. Педагогиканың гуманитарлық білім және білім беру үдерісі субъектілерінің өзара әрекетінің саласы ретіндегі теориялық түсініктерін және қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Балалар мен жас өспірімдердің өсуі мен дамуының жас ерекшеліктерінің жалпы заңдылықтарын, олардың физиологиялық қызметтерінің қалыптасуын қарастырады. Балалар мен жас өспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға, үйлесімді даму және фкнуционалдық мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған баланың сыртқы ортамен өзара әрекетін, гигиеналық нормативтер мен талаптарды зерттейді
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Метеорология және климатология негіздері
Ауаның құрамын, атмосфераның құрылысын, Ғаламшардың табиғат қабықтарының өзара әрекеті жүйесіндегі алатын орыны мен рөлін, атмосферадағы үрдістердің негізгі заңдылықтарын, климаттың алуан түрлілігі, біздің ғаламшардың ауа райы мен климатын қалыптастыратын негізгі факторлар туралы білім негіздерін меңгертеді
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Жеке материктер мен мұхиттардың жер бедерінің, климатының, ішкі суларының, топырағының, өсімдіктер жамылғысы мен жануарлар дүниесінің қалыптасуы мен таралу заңдылықтарын, адамның шаруашылық әрекетінен қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты қазіргі экологиялық мәселелері, оларды шешу жолдарын оқытады
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Қазақстанның физикалық географиясы
Қазақстанның табиғаты, геологиялық құрылысы жер бедері, климаты мен ішкі сулары, топырағы мен органикалық дүниесі, табиғатының адамдардың шаруашылық әрекетінен өзгеруі, табиғат қорғау шаралары, ірі физикалық-географиялық аймақтары қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 4
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Оқу-тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру әдістемесін қарастырады және тәрбиелеу үдерісінің заңдылықтарын, мәні мен мазмұнын қарастырады, жаңартылған орта білім мазмұны аясында тәрбиелеу қағидаларын зерттейді. Болашақ педагогтың өз бетімен білім алу және кәсіби тұрғыда өз-өзін жетілдіруге мүдделілігін қалыптастыруға бағытталған
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың теориялық негіздерін, инклюзия дамуының тарихи аспектілерін, инклюзивті білім беру модельдерін қарастырады. Инклюзивті білім беру технологиясын, жеке білім беру маршрутын құруды, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып оқу үдерісін жоспарлауды, инклюзивті оқыту жағдайында тьюторлық тәжірибені ұйымдастыруды зерттейді
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Геоақпараттық технологиялар әдістері
Геодеректердің қағидаларын, тәсілдерін, дәрiстердi технологиялау, жинақтау, жүйелеу, сақтау, картографиялау, үлгілеу, тарату және мәліметтер базасын құру әрекеттерiне арналған алгоритмдердің негізін үйретеді. Классикалық география және картография дәстүрлерi мен әдiстерiн, теориясын, қолданбалы математика, және компьютерлiк техниканың мүмкiншiлiктерiн үйлестіруді, географиядан ғылыми зерттеу жұмыстарында қолдануды жетілдіреді
Оқу жылы - 3
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Геожүйелерді үлгілеудің геотехнологиялық негіздері
Бұл курс географиялық зерттеу нысаны – құрылымы мен дәрежесі әртүрлі сипаттағы табиғи және табиғи-антропогендік геожүйелердің ГАЖ-ын құру, бейнелеу және үлгілеу үдерістері туралы теориялық білімдерін қалыптастырады. Геожүйелер туралы кеңістіктік және құрылымдық ақпаратты зерттеу нәтижелерін үлгілеуді жоғары сапалы деңгейде жүзеге асыруға, математикалық, физикалық әдістерді және табиғи үлгілеуді қолдана отырып, экологиялық және географиялық жүйелерді зерттеуге мүмкіндік береді
Оқу жылы - 3
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Қазақстанның сакралды географиясы
Сакралды географияның зерттейтін нысандарын, зерттеу әдістері мен киелі орындардың атқаратын қызметін, Қазақстанның республикалық, өңірлік және жергілікті маңызы бар бірегей палеомәдени, тарихи және табиғи киелі орындардың кеңістіктік таралу ерекшеліктерін оқытады
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Ландшафттану
Табиғи және табиғи-антропогендік ландшафттардың, аумақтық табиғат кешендерінің қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, олардың құрылымын өңірлік және шағын деңгейдегі ландшафтарды, тірі және өлі табиғат туралы жаратылыстану ғылымдарының салаларымен таныстыру; ландшафттың құрылысы, оның компоненттері; планетарлық ойлау және оның ландшафттану ілімдерінің өзара байланысының қалыптасуын оқытады
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қазақстанның рекреациялық географиясы
Ел ішінде және жекелеген объектілерде құндылық рекреациялық ресурстарды аумақтық (кеңістіктік) бөлу жүйесін қарастырады, шығыңқы объектілер туралы білім ала отырып, сонымен қатар ұқыптылыққа тәрбиелеу және оларды туристік қызметте ұтымды пайдалану және қолдану; туристік аудандастырудың табиғаты мен сипаттамалары туралы, оны қайта қарау жолдары туралы және Қазақстанның туристік-рекреациялық аймақтары мен аймақтарының заманауи желісін зерттеу қарастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Топонимика
Географиялық атауларды (топонимдер) жан-жақты зерттеу, тарихты зерделеу және топонимдерді талдаудың маңыздылығын, жалпы географиялық және арнайы топонимикалық терминологияларды білуге деген қызығушылық қалыптасады; атаулар аудармаларының қазіргі заманғы проблемаларын түсіну, географиялық ғылымдағы атын өзгерту, географиялық атаулардың бастапқы ақпарат пен білім көздеріндегі және тарихи ақпараттардағы мәні мен мағынасын анықтауға деген зерттеушілік дағды қалыптасады
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Өлкетану
Географиялық, тарихи, әдеби, және этномәдени сипаттағы білімдерді біріктіреді, өлкетану әдебиеттерімен, археологиялық және картографиялық материалдармен танысу негізінде өлкетану жұмыстарын жүзеге асыру туған жері мен өлкесін зерттеу икемділік-дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Географияны оқыту әдістемесі
Қазіргі мектеп талаптарын, жан-жақты дамыған саналы тұлғаларды дайындау міндеттерін назарға ала отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әдістерін, мазмұнын және ұйымдастырылуын ашып көрсетеді. География пәні мұғалімі қызметінің теориялық және практикалық негіздерін оқытады, яғни болашақ мамандыққа деген қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін, оған дайындықты және оқытушының тұлғалық, кәсіби қаситеттерін көрсететін орта дайындайды
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Биогеография
Жердегі тіршіліктің өмір сүру ареалының бөліну заңдылықтарын, қазіргі флора мен фаунаның шығу тегі мен пайда болу тарихын, тірі ағзалардың географиялық таралуы мен олардың себептерін қарастырады. Ареалдар туралы ілім негіздерін, құрылықтың флоралық, фауналық патшалықтарға зоналық биомдарға бөлінуін оқытады
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы
Дүние жүзінің жеке елдері мен аймақтарының шаруашылығының салалық құрамы, әлеуметтік-экономикалық үрдістердің кеңістіктік факторлары туралы білім жүйелерін қалыптастырады және сол факторларлдың дүние жүзілік шаруашылықтың дамуындағы рөлін талдау дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Сандық картографиялық ресурстарды пайдалану әдістері
Білімгерлерге электронды картографиялық ресурстарды (сандық карталарды оқып, олардың орналасқан жерін, географиялық нысандар мен аумақтардың сандық және сапалық көрсеткіштерін, олардың сипаттамалары мен талдауларын анықтау) пайдалану мүмкіндерін меңгертуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Далалық және қашықтықтан зерттеу әдістері
Білімерлердің зерттелетін жергілікті жерде далалық зерттеулер жүргізу әдістерімен кезеңдері; жиналған мәліметтерді өңдеу және аумақтың ірі масштабты пландарын құру әдістері; аумақты қашықтықтан зерттеу әдістері, әуеғарыштық түсірілімдерді талдау негізінде тақырыптық карталарды құру әдістері туралы білім негіздерін меңгертуге бағытталған
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Геоэкология және табиғатты пайдалану негіздері
Жер жүйесіндегі геосфералардың экологиялық рөлі туралы, техногенез нәтижесінде пайда болған табиғи-антропогендік және геотехникалық жүйелердің жұмыс істеуі туралы, оларды зерттеу әдістері туралы, Қоршаған ортаны оңтайландыру саласындағы проблемалар туралы, лито-гидро-атмо-биосфераның геоэкологиялық проблемалары туралы, табиғатты ұтымды пайдаланудың географиялық негіздері, табиғат пайдалану түрлері, табиғат пайдалануды басқару әдістері, тетіктері, тетіктері, табиғат пайдалану проблемаларының туындау себептері және оларды шешу жолдары туралы қарастырылады
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Географияны оқытуда STEAM білім беруді пайдалану негіздері
Қашықтықтан оқыту және электрондық оқыту әдістерінің әдістемелік мәселелері қарастырылады, қазіргі заманғы білім беру тәжірибесін және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, ғылымның жетістіктерін ескеріп, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін игереді
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Академиялық жазу
Студенттердің академиялық жазу теориясы мен практикасын игеруге, академиялық ортада тиімді қарым-қатынас жасау үшін қажетті ғылыми коммуникация саласындағы құзыреттіліктерді дамытуға, академиялық және ғылыми мәтін жазуға, сонымен қатар студенттерде ғылыми мәдениетті дамытуға, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу саласындағы құзыреттер жүйесі, жұмыс, алғашқы мәліметтерді жинау, ғылыми зерттеу және деректерді өңдеу әдістерін қолдану, зерттеу нәтижелерін апробациялау, тіркеу және тәжірибеге енгізуге бағытталған
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 4
-
Жасанды интеллект негіздері
Пән жасанды интеллект жүйесінің теориялық негіздерін тереңдете оқыту арқылы студенттердің ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік деңгейін арттыруға, зияткерлік жүйелерді құрудың жаңа заманауи технологияларын меңгеруге және алынған білімдер мен дағдыларды практикада қолдануға арналған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Геодезия негіздері
Аумақты жоспарлаудағы геодезия мен картографияның маңызын қарастырады және геодезиялық приборларды пайдаланудың заманауи технологияларын мен жер бетіндегі нүктелердің орынын, географиялық және тік бұрышты координаттар жүйелерін мен нүктенің биіктігігн анықтау әдістерін оқытады
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Жерді қашықтықтан зондылау технологиясы
Жерді қашықтықтан зондылау (ЖҚЗ) технологиясы зерттеушінің аяғы жетуге қиын, тіпті мүмкін емес аумақтардың табиғи ортасында болып жатқан өзгерістерді ғарыштық суреттерді спектралды өңдеу арқылы зерттеу әдісі. Бұл биік таулы аумақтар, биік таулардың өзен аңғарлары, автомобиль жолдары жоқ тұйық, ағындысыз, шаруашылықта пайдаланылмайтын, адам мекендемейтін жер телімдері. ЖҚЗ технологиясы электромагниттік таралу, сенсорлар мен платформалар, ғарыштық суреттерді дешифрлеу, сандық кескіндерді өңдеу, қашықтықтан зондылау мәліметтерін қолдану әдістерін енгізуге бағытталған
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Мектептегі оқыту мен бағалаудың жаңа тұрғылары
Білім беру нәтижелерін білім беру жаңарту жағдайында өлшемдік бағалаудың теориясы мен технологиясы туралы білімді меңгертуге бағытталған; оқушылардың оқу нәтижелерін өлшемдік бағалаудың негізгі ережелерін, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістерін ақытады; бағалау тетіктері мен өзін өзі бағалау, түйінді құзіреттілікті қалыптастыру тетіктерін анықтайды
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Қазақстанның табиғи ресурстық әлеуетін, халқын, шаруашылығыың құрылымын, өндіргіш күштерді орналастыру қағидаларын, дүние жүзі елдерімен сыртқы экономикалық байланыстарын оқытады экономикалық-географиялық аудандастыру және оның дамуын болжау, өндіргіш күштердің орналастыру ерекшеліктерін салыстыры және талдау мәселелерін қарастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
-
Геоэкономика және геоглобалистика негіздері
Геоэкономиканың ғылымдар жүйесіндегі орынын, теориялық және қолданбалы геоэкономиканың зерттеу әдістерін, Ғылым ретіндегі геоглоболистиканың ерекшеліктерін, жалпы ғаламшарлық үрдістер мен құбылыстардың кеңістіктік көрністерін; ғаламдық экологиялық, энергетикалық, шикізаттық, азық-түліктіктік, демографиялық адамзаттың басқада келелі мәселелерінің туу себептерін мен шешу жолдарын қарастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Саяси география және геополитика негіздері
Геосаясаттың мәнін, мүмкіндіктерін, шекарасын, геосаяси үрдістердің негізгі түрлерін, дүниежүзілік шаруашылықтың еңістіктік құрылымын, оның дүние жүзінің жеке елдері мен аймақтарда даму үдерістерінің ерекшеліктерін, оқытады; геосаяси кеңістіктің негізгі сипаттарын, Қазақстан Республикасының геосаяси орны мен жеке өңірлерінің әлеуеттерін қарастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Мектеп географиясындағы жобалау және географиялық есептерді шығару әдістері
Мектеп географиясының жаңартылған мазмұнына сәйкес табиғи және әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстарды үлгілеу, жобалау және болжау әдістерін; физикалық және экономикалық географияны оқыту барысында табиғи үрдістер мен құбылыстардың түзілу заңдылықтарын ашуға, өндірісті орналастыру қағидаларын анықтауға мүмкіндік беретін картометриялық, климаттық, гидрологиялық және экономикалық-географиялық есептерді шығару тәсілдерін қарастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
-
Елтану
Елдердің табиғатын, халқын, шаруашылығын, әлемнің геосаяси кеңістігінің қалыптасу факторларын, саяси жүйесін, демография, сыртқы саясат мәселелерін, экономикалық, саяси және мәдени даму ерекшеліктерін, геосаясат пен саяси географияның теориялық ережелері негізінде әлемнің саяси картасындағы өзгерістерін қарастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі
Білімгерлердің қазіргі жаратылыстану ғылыми білім берудің теориялық, әдіснамалық негіздерін меңгертуге бағытталған; қазіргі жаратылыстанудың ғылыми бейнесін, жартылыстану ғылымдарының зерттеу әдістерін оқытады; жаратылыстанудың біршама маңызды жетістіктері мен идеяларын; ғылым мен ғылыми білімнің адамзат қоғамының түйінді мәселелерін шешу мүмкіндіктерін қарастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
-
Географияны оқытуда АКТ пайдалану әдістері
Мектеп оқушыларына география пәнін оқуға деген ынтасын арттыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен қосымша техникалық құралдарды қолдануды зерттейді, олардың география пәнін оқуға деген ынтасын арттырады және интеллектуалдық белсенділіктің артуына ықпал етеді. Ұйымдастырылған және педагогикалық негізделген оқу мен сыныптан тыс жұмыстар арқылы АКТ оқу үдерісіне қосуды қарастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
-
Қызмет көрсету және инфрақұрылымдар географиясы
Инфрақұрылым және оның салалары туралы түсінік қалыптастырады; қызмет көрсету саласы мен географияның құрамын; қазіргі қоғамдағы қызмет көрсету секторының рөлін; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының проблемалары мен даму перспективаларын; қазіргі қоғам өміріндегі ғылымның маңызы, құрамы, рөлін қарастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Геоурбанистика
Қала құрылысы, қала жүйелерін оқып-үйренудің тарихи-географиялық, әлеуметтік, экономикалық-географиялық және басқа астарларын оқытады. Кенттенудің ғаламдық сипат алған күрделі үрдістерін, қоныстану жүйелері мен қала дамуының стратегиясының күрделі географиялық тұрғылары, қалаларды жобалау негіздері қарастырылады
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 4
-
Тұрғындар географиясы және әлеуметтік география негіздері
Халықтың қалыптасу үрдісін, динамикасы мен санын, құрылымын, ұдайы өсудің типтерін, миграциясын, қоғамның аумақтық ұйымдасуынқоршаған ортамен қарым-қатынасын оқытады; еңбек ресурстары географиясын, әлеуметтік құрамы мен білім деңгейлерін, қоныстану формаларын, қазіргі демографиялық мәселелер және оларды шешу жолдарын қарастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Географиялық зерттеу әдістері
Физикалық және экономикалық география салалары бойынша жаңа және заманауи зерттеу әдістерін, мектеп географиясының жаңартылған мазмұнына сәйкес табиғи және әлеуметтік-экономикалық үрдістермен құбылыстарды тереңдетіп оқытудағы салыстырмалы, сандық, (қашықтықтық (аэроғарыштық) географиялық сараптау,сараптамалық бағалау, аудандастыру, үлгілеу, болжау әдістерінің маңызын қарастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Құқықтық, экономикалық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада, сондай-ақ қаржылық сауаттылық, инклюзия құндылықтары, тұрақты даму және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат салаларында қоғамдық, әлеуметтік маңызы бар құбылыстар мен үдерістерді түсінуге зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерді бағалап, қолдана білу қабілетіне ие болу.
- ГАЖ технологияларын, географиялық ақпаратты өңдеудің статистикалық, математикалық, картографиялық әдістерін қолдана отырып, жалпы географиялық, далалық зерттеулер жүргізу
- географиялық пәндер тарауларының жалпы теориялық ережелерін түсіндіру
- әлеуметтік-экономикалық, физикалық-географиялық және саяси процестердің қазіргі жай-күйіне талдамалық шолу жасау
- географияны оқыту принциптерін, әдістері мен технологияларын ескере отырып, қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды әзірлеу
- географиялық экспериментін ұйымдастыру, қоюға, талдауға, жалпылау және нәтижелерін бағалауға негіз болатын жер бедерінің пішіндерін анықтау, тау жыныстары мен минералдарды сәйкестендіру үшін топографиялық түсірілімдер, гидрологиялық есептер, метеорологиялық бақылаулар жүргізу дағдыларын меңгеру
- академиялық адалдық қағидаларын сақтай отырып, зерттеу нәтижелерін әзірлеу және енгізу үшін географиялық зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін қолдану
- білім алушылардың физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін, сондай-ақ жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
- География пәнінен сабақтарды білім мазмұнын жетілдіру контекстінде оқытудың және білім нәтижелерін бағалаудың инновациялық технологияларын қолдана отырып жоспарлау.
- экономика кеңістіктік құрылымдарының қалыптасу заңдылықтарын, қоршаған орта мен халықтың өзара әрекетін талдау және бағалау