7M01507 Биология в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Оқытудың инновациялық технологияларын меңгерген, теориялық және эксперименттік биология саласында жүйеленген білімі, іскерліктері мен дағдылары бар, еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті биолог-педагогтарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M014 Биология педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Гендер, мутациялар және аурулар
Пән геннің молекулалық-биологиялық құрылысын және анықтамасын, жіктелуін, про- және эукариот гендерінің құрылысын, геннің реттеуші және кодталатын суббірліктерін, құрылысын, қызметін, гендік мутациялар салдарынан туындайтын ауруларды қарастырады. Курсты оқу барысында білім алушы гендер, хромосомалар, мутациялар жайлы тұжырымдамаларға талдау жасап, өз ойын нақты жеткізе, өзінің пікірін ұжым пікірімен ұштастыра отырып, жаңа шешімдерді түсіндіре отырып қорытындылайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Асқорыту физиологиясының қазіргі мәселелері
Пән адамның ас қорыту мүшелері мен мүшелер жүйесінің құрылымдық, қызметтік құрылысын, ас қорытудың биологиялық үрдістерінің химиялық негіздерін, физиологиялық механизмін, дұрыс тамақтануды, ас қорыту жүйесінің ауруларын қарастырады. Білім алушы өзінің пікірін ұжым пікірімен ұштастыра отырып, биология саласындағы қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде алынған деректерді талдауға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүргізуге үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Гельминтология
Пән паразит құрттардың пайда болу жолдарын, құрылысын, биологиясын, экологиясын, тіршілік циклын, таралуын, паразиттің иесімен қарым-қатынасын адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің паразитті ауруларын, олармен күресу, сақтану шараларын қарастырады. Курсты оқу барысында білім алушы паразит құрттардың систематикасы туралы деректердің дұрыстығына талдау жасап, өз ойын нақты жеткізе, өзінің пікірін ұжым пікірімен ұштастыра отырып, жаңа шешімдерді түсіндіріп қорытындылайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Арахнология
Пән жер бетіндегі барлық хелицерлілердің жиынтығы - өрмекшітәрізділер немесе арахнидтерді, олардың түрлерін, бірқатар биологиялық сипаттамаларын, құрылысын, морфологиясын, салыстырмалы анатомиясын, физиологиясын, көбеюін, даму биологиясын, систематикасын, экологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Білімгер өзінің пікірін ұжым пікірімен ұштастыра отырып, биология саласындағы қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде алынған деректерді талдауға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүргізуге үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Микология
Пән саңырауқұлақтардың құрылысын, дамуын, көбею ерекшеліктерін, филогенезін, систематикасын, классификациясы мен түрлерін, өсімдіктер дүниесіндегі мәнін, табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызын, олардың басқа өсімдіктермен ұқсастықтары мен айырмашылық белгілерін, қарастырады. Білім алушы өзінің пікірін ұжым пікірімен ұштастыра отырып, биология саласындағы қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде алынған деректерді талдауға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүргізуге үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Нейробиология
Пән жүйке жүйесінің құрылымын, қызметін, дамуын, генетикасын, биохимиясын, физиологиясын, патологиясын молекулалық деңгейден жасушалық деңгейге, бірнеше нейроннан бастап бас миы немесе мишықты қамтитын ауқымды жүйелерге дейін қарастырады. Курсты оқу барысында білім алушы жүйке жасушаларының қызмет механизмі жайлы тұжырымдамаларға талдау жасап, өз ойын нақты жеткізе, өзінің пікірін ұжым пікірімен ұштастыра отырып, жаңа шешімдерді түсіндіріп қорытындылайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Теориялық биологияның таңдаулы тараулары
Пән тірі табиғаттың биоцентризм, полицентризм принциптерін, құрылым деңгейлерінің әр түрлілігі мен материя қозғалысыныңбиологиялық формасы ерекшеліктерін, органикалық дүниенің филогенезі заңдылықтарының тіршіліктің барлық деңгейлердегі заңдылықтармен байланыстарын қарастырады. Курсты оқу барысында білім алушы теориялық биологияның басты бағыты - эволюциялық теория туралы тұжырымдамаларға талдау жасап, өз ойын нақты жеткізе, өзінің пікірін ұжым пікірімен ұштастыра отырып, жаңа шешімдерді түсіндіріп қорытындылайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық ғылыми жазба.
Пән академиялық жазылым талаптарын меңгеру, ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау негізінде ғылыми мақалалар дайындау тәсілдерін игеруге бағытталады. Мәтін құрастыру әдістері, академиялық жазбалардың түрлері, халықаралық ғылыми дерекқорларды пайдалану жолдары және ғылыми журналдардың құрылымдық әрі мазмұндық талаптарына сай мақала рәсімдеу дағдылары қалыптастырылады. Мақаланы журналдардың онлайн жүйелері арқылы ұсыну тәртібі үйретіледі. Ғылыми деректерді талдау мен библиографиялық ақпаратты өңдеу үдерісінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Зерттеулердің қолданбалы әдістері
Пән магистранттарға ғылыми зерттеудің әдістемелік негіздерін меңгертуді, эмпирикалық және қолданбалы зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Курста зерттеу жоспарын әзірлеу, гипотеза құру, әдістерді негіздеу, деректерді талдау және интерпретациялау қарастырылады. Сонымен қатар, ғылыми ақпаратты өңдеу және талдау үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдары меңгеріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Пән жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерді зерттейді. Пәнді оқу барысында магистрант жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын және жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды меңгере отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдалануды, нақты ғылыми-педагогикалық зерттеу ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
ЖОО-да биологияны оқыту әдістері
Пән оқытудың негізгі теорияларын, тұжырымдамаларын, биологиялық пәндерде оқу-тәрбие процесін іске асыруда ғылыми білім беру жүйесінің біртұтастығын калыптастыра отырып, педагогикалық технологияларды, әдістемелік тәсілдерді, біліктілік, дағдысы жүйесін толық меңгертеді. Жоғары және орта кәсіби білім бағдарламалары шеңберінде қызметте ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүзеге асыру, деректердің дұрыстығы мен құндылығын талдау, түсіндіру жүргізе отырып, үйлесімді қолдану құзыреттіліктерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Эволюциялық биология
Пән барлық тірі ағзалардың өткен кезеңде популяциядағы генетикалық процестер негізінде сыртқы факторлардың ықпалына бейімделу мақсатында үздіксіз даму бағытындағы эволюциялық құбылыстарды, табиғат факторларының өзгеруін, дамуын қарастырады. Курсты оқу барысында білім алушы эволюциялық процестің негізгі факторлары туралы теориялар негізінде алынған деректердің дұрыстығына талдау жасап, заманауи зерттеу әдістер арқылы ғылыми-зерттеу қызметін дербес жүзеге асыруды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өсімдіктер зиянкестері
Пән өсімдіктердің аурулары мен зиянкестерге қарсы жүйелі күрес шараларын жоспарлауды, зиянкестердің биологиялық ерекшеліктерін, көбею жолдарын алдын ала бақылауды, ауыл шаруашылық дақылдардың зиянды организмдері туралы білім қалыптастырады. Магистрант өзінің пікірін ұжым пікірімен ұштастыра отырып, биология саласындағы қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде алынған деректерді талдауға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүргізуге үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Биотехнология мен нанотехнологиядағы жасанды интеллект
Пән биотехнология мен нанотехнологияда жасанды интеллект (ЖИ) әдістерін қолдану мүмкіндіктерін қарастырады. Биомолекулалар, нанобөлшектер арасындағы интерфейс беттерін дамыту ерекшеліктерін анықтап, биотехнология, инженерия, медицина, фармацияда қолданудың ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Магистрант бионанотехнологияның функционалды принциптері туралы теориялар мен деректердің құндылығын талдап, молекулалық модельдеу, наноматериалдарды жобалау және процестерді автоматтандыру сияқты міндеттерде ЖИ алгоритмдерінің қолданылуын үйрене отырып, биомолекулалардың репликациялануы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүргізе алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қолданбалы микробиология
Пән микроорганизмдердің қоршаған ортаның экстремальды жағдайларында тіршілік ету қабілеттерімен таныстырып, медициналық, фармацевтикалық, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, топырақ, ветеринарлық, экологиялық микробиологиясы мен патологиясын жан-жақты қарастырады. Білім алушы биологияның негізгі теориялық заңдылықтары мен заманауи зерттеу әдістері арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүргізуге, зерттеулердің тәжірибелік деректерін талдауға және статистикалық әдістермен өңдеуге, экспериментті жүргізудің шарттарын дұрыс бағалауға үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Кинология негіздері
Пән иттердің анатомиясын, физиологиясын, шығу тегін, эволюциясын, оларды қоректендіру, шаруашылықта пайдалану, өсіру және асылдандыру мәселелерін қарастырады. Магистрант адамзаттың ит шаруашылығы саласындағы жинақтаған тәжірибесі туралы өзінің пікірін ұжым пікірімен ұштастыра, зерттеу әдістерін үйлесімді қолдана отырып, биология саласындағы қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен теориялар негізінде алынған деректерді талдауға, өңдеуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүргізуге үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Селекцияның заманауи әдістері
Пән биологиялық ағзаларды сұрыптау барысында жаңа генотиптерді шығарудың генетикалық механизмдерін және алынған биоматериалды сапалық қасиеттері бойынша бағалау аспекттерін, селекцияның базалық жұмыстар жүйесіндегі теориялық негіздерін қалыптастырады. Білім алушы биологияның негізгі теориялық заңдылықтары, заманауи зерттеу әдістері арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүргізуге, зерттеулердің тәжірибелік деректерін талдауға, оларды статистикалық әдістермен өңдеуге, экспериментті жүргізудің шарттарын дұрыс бағалауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қолданбалы биологияның таңдаулы тараулары
Курстың мазмұны қолданбалы биология салаларында эксперименттік зерттеулер жүргізудің негізгі әдістерін меңгере отырып, жүргізілген зерттеулердің тәжірибелік деректерін статистикалық әдістер арқылы өңдеуге, нәтижелердің дұрыстығын талдауға бағытталған. Білім алушы биология салалары туралы теориялық, практикалық білімдерін, мектеп және университет жанындағы тәжірибе участоктарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда, оларды дербес жүргізуде заманауи экспериментальды әдістерді қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
- Кәсіби қызметінде шеттілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
- Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларын, негізгі әдіснамаларды меңгереді, жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды және ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады.
- Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді дайындайды, қолданбалы биология салаларының ғылыми зерттеу желілерін жаңа бағыттарда талдайды және қолданады.
- Мәселені шешуде өз ойын командада нақты жеткізе отырып, қақтығыстарды шешуде мүмкіндіктері мен шектеулерін түсінуге, жаңа шешімдерді қорытындылауда, өзінің пікірін ұжым пікірімен ұштастырады
- Білім беру қызметінде педагогикалық инновацияларды меңгере отырып, өзінің мотивациясы мен еңбекқорлығы арқылы педагогикалық шеберлігін жетілдіре отырып, педагогикалық технологияларды іске асырады
- Педагогикалық қызметті жүзеге асыруда биология саласындағы қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде алынған деректердің құндылығын негіздеу үшін оларға талдау жүргізеді
- Биологияның негізгі теориялық заңдылықтары мен заманауи білім беру әдістемесі мен зерттеу әдістерін үйлесімді қолдана отырып, кәсіби қызметінде ғылыми- зерттеу жұмыстарын дербес жүзеге асырады және зерттеулердің тәжірибелік деректерін статистикалық әдістермен өңдейді