Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02211 Дінтану в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Қазіргі заманғы ислам фундаментализмі

    Қазіргі жоғары технологиялар мен әмбебаб интеграция әлемінде экстремизм мен фундаментализм түсінігінің философиялық, дінтанулық, саяси және басқа да құндылықтық қызметтері, деструктивтік культтер мәселесі талданады. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант ислам радикализмінің әлемдегі және Қазақстандағы саяси іс-әрекетін, қазіргі заманғы мәселелеріне қатысты талдауларын зайырлылық ұстанымына негіздеп зерттеулерінде қолдануға дағдыланады. Курста теориялық және әдістемелік зерттеу стратегиясы ретінде интегративті талдау әдісі қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Зерттеулердің қолданбалы әдістері

    Пән магистранттарға ғылыми зерттеудің әдістемелік негіздерін меңгертуді, эмпирикалық және қолданбалы зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Курста зерттеу жоспарын әзірлеу, гипотеза құру, әдістерді негіздеу, деректерді талдау және интерпретациялау қарастырылады. Сонымен қатар, ғылыми ақпаратты өңдеу және талдау үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдары меңгеріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дін және бұқаралық мәдениет

    Әлеуметтану, философия, мәдениеттану және басқалай гуманитарлық ғылымдарды әлеуметтік желіні пайдаланып дінтанулық тұрғыдан зерттеу тәсілдері, қарапайым, орташа тұтынушының талғамына арналған төменгі дәрежелі, суррогат мәдениеттің өзекті мәселелері қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант қоғамда орын алған бұқаралық мәдениет құбылыстарын талдау, талданған ақпаратты зерттеулерінде қолдануға дағдыланады. Курста дін және мәдениет қатынасын талдау және түсіндіру, корреляциялау әдістері қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ислам ілімдерінің әдіснамасы

    Пән мазмұнында ислам ғылымдарының негізгі салаларын (Құран тәпсірі, хадис, фикһ, кәлам, т.б.) зерделеу барысында қолданылатын ғылыми әдістер мен тәсілдерді жүйелі түрде қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар діни мәтіндерді дұрыс түсініп, талдай білудің теориялық және практикалық негіздерін үйренеді. Пән барысында ислам ғылымдарының қалыптасу тарихы, әрбір салада қолданылған дереккөздермен жұмыс жасауға дағдыланады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі заманғы діни сектанттық

    Қазіргі заманғы діни сектанттық пәнінің қарастыратын саласы - жаңа діни ағымдар мен олардың сектанттық әрекеттері. Діни ағымдардың сектанттық болмысы әлеуметтік - саяси өзгерістермен, демографиялы қозғалыстармен және де дәстүрлі діндердің ықпалының әлсіреуімен байланыстыра талданады. Магистрант жаңа ағымдардың мазмұнына, құндылықтарына, рәсімдерінің атқарылуына, ұйымдастыру жүйелерінің ерекшеліктеріне қарай топтама жасауға машықтанады. Қазіргі қоғамдағы діни қозғалыстардың қоғам үшін теріс ықпалдары ғылыми түрде сарапталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі заманғы Калам мәселелері

    Қазіргі ислам ойшылдарының діни және философиялық тақырыптағы пайымдауларын, дін мен философияға қатысты еркін ойлаудың даму кезеңдері, калам ғылымының пайда болғаннан бастап дін философиясы төңірегіндегі қағидаларының негіздерін, калам мектебінің мұсылман әлеміндегі рационалистік пайымдарын талдау қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар калам ілімінің түркі халықтарының тарихы тағдыры мен қазақ жеріндегі діни ойлау мәдениетін жетілдірудегі орнын көрсетуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі дінтанудың мәселелері

    Пәннің мақсаты – магистранттардың дін мен қоғам арасындағы қатынасынан туындайтын мәселелерді меңгеруін, қазіргі дінтанудың теориялық мәселелерін зерттеуін қамтамасыз ету. Курсты оқу барысында дінді зерттеудегі үстем парадигмаларының сипаттамасы мен жүйесін анықтай білу; оқу материалдарымен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады. Пәнді меңгеру нәтижесінде діни талдау жасау мен практикада қолдану дағдысы қалыптасады. Курста қазіргі дінтану мәселелерін талдап түсіндіру сияқты белсенді оқыту әдісі қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дінтану әдіснамасы

    Пәнде тарихи даму барысында қалыптасатын және тарихи өзгеретін әлеуметтік-мәдени жағдайдағы діни танымның жалпы заңдылықтары мен тенденциялары қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант оқу материалын іс жүзінде әдістемелелік негіздеу дағдыларын меңгереді, қазіргі дінтанудың проблемалық контекстін түсінеді, дүниетанымдық түсінік пен әдістемелік түсіндіру контекстінде дін құбылыстарын зерттейді, дінтанудың дүниетанымдық және әлеуметтік мәселелерін талдайды, оқу курсын әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етуді әзірлейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Академиялық ғылыми жазба.

    Пән академиялық жазылым талаптарын меңгеру, ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау негізінде ғылыми мақалалар дайындау тәсілдерін игеруге бағытталады. Мәтін құрастыру әдістері, академиялық жазбалардың түрлері, халықаралық ғылыми дерекқорларды пайдалану жолдары және ғылыми журналдардың құрылымдық әрі мазмұндық талаптарына сай мақала рәсімдеу дағдылары қалыптастырылады. Мақаланы журналдардың онлайн жүйелері арқылы ұсыну тәртібі үйретіледі. Ғылыми деректерді талдау мен библиографиялық ақпаратты өңдеу үдерісінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пән жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерді зерттейді. Пәнді оқу барысында магистрант жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын және жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды меңгере отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдалануды, нақты ғылыми-педагогикалық зерттеу ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Дін саласындағы құқықтық реттеу

    Бұл пән дін саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің теориялық және практикалық негіздерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар Қазақстан Республикасындағы және әлемдік тәжірибедегі дін саласын құқықтық тұрғыдан реттеу ерекшеліктерін, заңнамалық негіздерін, мемлекеттік және діни ұйымдардың өзара қарым-қатынасын реттейтін құқықтық нормаларды меңгеріп, кәсіби саласында қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пәннің мақсаты ғылыми ойлау тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми білімнің генезисі мен мәні, өсуі мен перспективалары туралы білімді қалыптастыру. Қолданылатын проблемалық оқыту, тақырыптық талқылаулар, жобалық әдіс сияқты оқытудың белсенді әдістері магистранттарда заманауи ғылыми жетістіктерді сыни бағалау, қазіргі кезеңнің өзекті мәселелеріне қатысты өзінің этикалық ұстанымын қалыптастыру және пікір-таластарда өзінің көзқарасын негіздеп, дәлелдей алу дағдыларын меңгертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Иассауи философиясы

    Пәнді оқыту барысында сопылық дүниетанымның мәні мен ұстанымдары қарастырылып, Қожа Ахмет Иассауидің философиялық және моральдық тұжырымдары талданады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант иасауилік ілімі мен философиясының мәнін талқылап, «хикметтерді» «хәлдер» (ахвал) мен «мақамдар» (макамат) арқылы түсіндіруді жүзеге асыру, оларға ғылыми-танымдық түсіндірме беру дағдысын дамытады. Курста исламдық әдебиет негізінде сопылық және иасауилік философиясын талдау мен салыстыру әдістері қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Киелі мәтіндер: кеше және бүгін

    Заманауи дінтанулық және тарихнамалық әдебиеттердегі киелілік феноменін салыстыру мәселелері қарастырылады. Курстың өзектілігі қазіргі заманғы діни әдебиеттер мен қасиетті мәтіндерді талдау қажеттілігімен байланысты. Курс тафсир ғылымындағы әдебиеттер мен қолжазбаларды зерттеулерді дамытуға дағдыланады. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант киелі мәтіндерді заманауи мәселелермен байланыстыра түсіндіру дағдысын дамытады. Курста мәтіндерде орын алған ұғымдарды талдау, түсіндіру және салыстыру әдістері қолданылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Діндарлық психологиясы

    Пәнде қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі діндарлық психологиясы пәнінің тақырыптары, негізгі міндеттері мен қызметтері, діни құбылыстардың психологиялық тұрғыда зерттелуі, дінтану ғылымындағы орны қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант психиканың әлеуметтік және діни құбылыстарын талдау қабілетін дамытады; діни тәжірибе, діни сенім психологиясын зерттеудегі ғылыми көзқарастың мәнін түсіну, баяндау және сыни тұрғыдан талдауға, діни ғұрыптар мен культтердің әлеуметтік және психологиялық аспектілерін көрсетуге машықтанады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Діни білім беру

    Пән магистранттың кәсіби педагогикалық даярлығының теориялық және әдістемелік негізін құруға, білім беру мәселелеріне олардың рухани негіздері тұрғысынан көзқарасын қалыптастыруға, философиялық және діни дүниетаным тұрғысынан педагогикалық сана мен тәрбие туралы жалпы түсінік беруге арналған. Міндеттері – діни оқытудың мақсатын нақтылау, діни мәселелерді талдау қабілетін дамыту, діни оқыту және тәрбиелеу әдістерінің ерекшеліктерін анықтауды жетілдіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Дін және ғаламтор

    Пәнде дін мен ғаламтор арасындағы қатынас зерттеледі. Ғаламтор қысқа мерзімде ақпараттық төңкеріс жасап, бүкіл ақпараттық кеңістікті жаулады, қоғамдық санада маңызды орын алды. Курста ғаламторда насихатталатын экстремизм және терроризм, діни сауатсыздық себептерін талдау үшін білімді зерттеулерде қолдану жолдары қарастырылады. Курсты оқу барысында ғаламтордағы әлеуметтік, этикалық, психологиялық және мәдени үдерістерді зерделеп, пікір қалыптастыру, ақпарат жинау және түсінік беру дағдыларын қолдануға машықтанады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Қазіргі заманғы діни үдерістер

    Қазіргі заманғы діни үдерістердің ерекшеліктерін сараптау қарастырылады. Курстың міндеттері – діннің қоғамдағы орны мен қызметін көрсету, сакрализация және секуляризация үдерістерінің мазмұнын анықтау, ғылыми және діни құндылықтардың адам өміріндегі мәнін түсіндіру, діндалық деңгейін зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Пәнді меңгеру нәтижесінде бүгінгі діни үдерістерді салыстыра зерттеу қабілеті меңгеріледі. Курста герменевтикалық және каузалды талдау әдістері қолданылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазіргі дін әлеуметтануы мен психологиясының негізгі мәселелері

    Бұл пәнде қазіргі заманғы қоғамдағы әлеуметтану мен дін психологиясының өзекті мәселелері кешенді түрде зерттеледі. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант әлеуметтік процестер мен діни тәжірибелердің өзара байланысын түсінеді, діннің қоғамдық өмірдегі рөлі мен жеке тұлғаның психологиясына әсерін ғылыми тұрғыдан талдау дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, болашақ мамандардың діни мәселелерге деген ғылыми және сыни көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
  • Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
  • Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
  • Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
  • Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді
  • Дінтану ғылымдарының, сонымен бірге қазіргі дінтанудың өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелерін талдап, кәсіби қызметін жүзеге асырады
  • Дін және қоғам арасындағы мәселелерді шешу үшін кәсіби білімді зерттеулерінде қолданады
  • кәсіби ортада қолданылатын заманауи оқыту әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, білім беру қызметінде жүзеге асырады
  • Діни құндылықтарды зерделеу арқылы дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдардың қызметіне сараптама жасайды
Top