Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01407 Музыкалық білім в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

  • Шетел тілі (кәсіби)

    Пәннің мақсаты – кәсіби қызметті табысты жүргізу үшін шет тілінде қажетті және негізгі коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру. Магистранттар кәсіби ортада қарым-қатынас жасау терминологиясын біледі, мамандыққа қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді, қолданады. Олардың эквиваленттерін, мәтінді аудару кезінде грамматикалық құрылымдар мен лексикалық ережелерді талдап салыстыра алады, айырмашылығын табады, шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық шкаласын меңгереді, үштұғырлы тілдерді оқытудың ұлттық бейімделген деңгейлік үлгісін жасай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Музыкалық білім беруде жасанды интеллектіні қолдану

    Пәннің мақсаты - білім алушылар жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын меңгеріп, оларды музыкалық білім беруде тиімді қолдануды үйренеді. Заманауи цифрлық құралдар мен платформаларды пайдалана отырып, музыкалық шығармалардың стильдік ерекшеліктерін талдау, өңдеу және зерттеу әдістерін игереді. Сонымен қатар, ЖИ - ні ноталарды автоматты түрде тану, цифрлау және редакциялау үшін қолданады. Әртүрлі музыкалық жанрлар мен стильдерді зерттеп, олардың негізгі сипаттамаларын анықтайды. Жасанды интеллект көмегімен музыкалық жобалар мен жаңа композициялар жасап, тиімді оқыту стратегияларын әзірлейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Арнаулы музыкалық пән

    Пәннің мақсаты - білім, іскерлік пен дағдыларды шығармашылық тұрғыда қолдана отырып, болашақ маманды музыкалық аспаппен қаруландыру және концерттік орындаушылық қырындағы сахналық еркіндікке тәрбиелеу. Білімі мен біліктілігін көтеру барысында орындаушылық шеберлігін дамыту, көркем-эмоциялық сезімі мен эстетикалық талғамын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Музыкалық білім берудегі заманауи инновациялық технологиялар

    Пәннің мақсаты - музыкалық ноталық редакторымен, аудио редакторлары түрлерімен жұмыс жүргізу арқылы музыкалық шығармаларды әрлендіру, дыбыстау, өңдеу әдіс-тәсілдерін меңгеру. Ақпараттық қоғам аймағында компьютерлік оқыту ісін дамыту және ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы заңдылықтардан тарайтын заманауи инновациялық технологияларды пайдалану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пәннің мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби-педагогикалық және психологиялық мәдениетінің негізін қалыптастыру. Магистранттар жоғары мектеп педагогикасының теориялық және әдіснамалық негіздерін біледі. Білім берудің қазіргі парадигмасын, еліміздегі жоғары кәсіби білім беру жүйесін, білім беру үрдісінің қазіргі жағдайын түсінеді, өзіндік белгі ерекшеліктерін анықтап айта алады. Озық білім беру технологияларын өз тәжірибесінде қолданады. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін, білім беру сапасын талдай алады, жаңа оқу бағдарламаларын әзірлейді, білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық әдістерін әзірлеу принциптерін, талдау және зерттеу жұмысының нәтижелерін салыстырады, жинақтап қорыта алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пәннің мақсаты - білім алушылардың бойында ғылым ұғымы мен мәні, құрылымы, тәсілдері, ғылымдағы басты парадигмалық теориялар туралы, ғылыми болжамдар, аксиомалар мен теориялардың қалыптасу заңдылықтары туралы, ғылымның даму тарихы мен заңдылықтары туралы, ғылым дамуының негізгі кезеңдері туралы түсініктер мен білімдер, мағлұматтар жүйесін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Басқару психологиясы

    Пәннің мақсаты -болашақ педагог мамандардың барлық педагогикалық процесті басқарудағы кәсіби-психологиялық құзыреттілігін дамыту. Магистранттар басқару психологиясының теориялық және әдіснамалық негіздерін біледі, психологияның гуманистік дүниетанымын, қазіргі психологиялық ғылымның қоғамдағы орны мен рөлін түсінеді, психологияның негізгі білімін, психикалық процестер мен адамның жеке қасиеттерінің заңдылықтарын, еңбек ұжымын басқару психологиясын, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климатты біледі, адам іс-әрекетіндегі көшбасшылық және көшбасшылық әрекеттерді, жеке тұлғаға психодиагностикалық және психологиялық кеңес беру мәселелерін қарастырады., жастардың өз іс-әрекеттері мен мінез-құлқын саналы түрде талдай білу және т. б. қажеттіліктерін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мамандық

    Пәннің мақсаты - болашақ маманның көркемдік-эстетикалық көзқарасын қалыптастыру негізінде музыкалық-орындаушылық шеберлікке және концерттік репертуармен өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Репертуар көлемінің толығуына байланысты ой-өрісінің кеңінен өрістеуіне жағдай жасау. Орындаудың кәсіби шеберлігін сахнада көрсете білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Музыкалық психология және музыкалық білім берудің психологиясы

    Пәннің мақсаты - музыкалық білім беру процесінде музыкалық дамуының психологиялық ерекшеліктерін талдай білуі. Музыкалық психология пәнінің негізгі зерттеу бағыттары жөнінде түсінік беру. Қоғамның және жеке тұлғаның музыкалық санасының құрылымы, мазмұны, формалары мен деңгейлерін, музыкалық танымдық процестерді талдай білуі. Музыкалық білім берудің психологиялық аспектілерін айқындау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Музыкалық білім беру педагогикасы және психологиясы

    Пәннің мақсаты - музыкалық білім берудің психологиялық аспектілерін негіздеуді тұлғаның музыкалық өнерді игертудегі танымдық белсенділігін арттыратын оқу іәрекетін ұйымдастыру мен басқара білуін игертеді . Білім беру процесінде тұлғаның музыкалық дамуы мен қабілеттерін диагностикалау Білім алушының музыканы қабылдаудағы психологиялық шарттары мен механизмдерін зерттеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі менеджмент

    Пәннің мақсаты - болашақ мектеп мұғалімнің тұтас педагогикалық үдерісін жəне білім беру мекемесіндегі тəжірибелік іс-əрекетін жүзеге асырауда кəсіптік құзіреттілігін қалыптастыру. Білім берудегі менеджменттің теориялық-əдіснамалық негіздері мен тұтас педагогикалық үдеріс жəне мектептің педагогикалық ұжымын басқарудың ерекшеліктері жөніндегі болашақ мұғалімдердің білімін қамтамасыздандыру. Кəсіптік қызмет түріндегі педагогикалық менеджмент туралы айқын əрі саналы көзқарасты қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Кәсіби орындаушылық шеберлік

    Пәннің мақсаты - кәсіби орындаушылық шеберлікті қалыптастыру негізінде педагогикалық және концерттік репертуармен өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Музыкалық білім берудегі дәстүрлі және инновациялық әдістер

    Пәннің мақсаты-магистранттардың музыкалық педагогикалық қызметінде дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістерін қолданудағы кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Музыкалық білім берудегі менеджмент

    Пәннің мақсаты - музыкалық білім беру арқылы стратегиялық тұрғыдан ойлай алатын, басқарудың заманауи технологиялары мен құралдарын меңгерген жаңа буынның менеджер-практиктерін дайындау. Кәсіби және басқарушылық құзыретін қалыптастыру, тиімді ойлау мен оңтайлы шешім қабылдау дағдыларын оқыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қосымша білім беруді ұйымдастырудағы музыкант педагогтың кәсіби дайындығы

    Пәннің мақсаты-қосымша білім беру ұйымдарында балалар мен ересектерге арналған музыкалық білім беру қызметін кәсіби әдістемелік тұрғыда ұйымдастыру және жүргізу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру

    Пәннің мақсаты - магистранттардың өз бетінше ғылыми жұмыстарды жүргізу, зерттеу дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін жүйелеу, кеңейту және бекіту. Ғылыми зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру барысында тәжірибиелік дағдыларын дамыту; ғылыми зерттеулерді жүргізудегі отандық және шет елдік тәжірибиелерін зерттеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сахнадағы орындаушылық

    Пәннің мақсаты - орындаушылық қырындағы сахналық мәдениетін қалыптастыруға, концерттік репертуар таңдап жинақтауға, эстетикалық тұрғыда тыңдаушымен қарым-қатынасты сезінуге, әртістік қасиеттерді игеруге мүмкіндік береді. Орындаушылық қызметпен қатар, Қазақстан өнерін халықаралық деңгейде көрсетуге бағытталған коммуникативтік тәсілдерді тәжірибелеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Арнаулы пәндерді оқытудың әдістемесі мен әдіснамасы

    Пәннің мақсаты - арнайы пәндерді оқыту әдіснамасын меңгеру. Музыкалық шығарманың қарапайым-күрделі қағидаттарын меңгеру Орындаудың педагогикалық және әдіснамалық аспектілерін практикада оқыту. Қазіргі кезеңде арнайы пәндерді оқыту жүйесін сипаттай білу, оларды тәжірибеде қолдана білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақстандағы музыкалық білімнің негіздері

    Пәннің мақсаты - музыкалық білімнің тарихын зерттеп, теориялық әдіснамалық негіздерін айқындай алатын бәсекеге қабілетті, мәдениеті жоғары кәсіби маман даярлау. Болашақ музыкант-педагогтердің кәсіби тұлғасын қалыптастыруда Қазақстандағы музыкалық білімнің негіздерін пайдалану, музыкалық білім берудің мазмұнын жүйелеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиялары

    Пәннің мақсаты - құзыреттілік тəсілге негізделген тəрбиелеу мен оқыту тәжірибелері негізінде алған білімдерін өлшемдік бағалау технологияларымен ұштастыру. Білім беру үрдісіндегі бағалаудың орны мен рөлі, оны жүзеге асыру тəсілдерін меңгеру. Оқу жетістіктерін бағалаудың сенімді, технологиялық жүйесін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Концерттік орындаушылық

    Пәннің мақсаты - концерттік орындауға техникалық және орындаушылық, сахналық мінез-құлық пен эмоционалды тұрақты дағдыларын қалыптастыру. Концерттік орындаушылық орындаушының музыкалық шығарманы меңгеру деңгейін, дарындылық дәрежесін, психологиялық тұрақтылығын және басқа да факторларын анықтап тұлғалық қасиетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • ЖОО-дағы білім сапасын өлшеудің педагогикалық технологиялары

    Пәннің мақсаты - магистранттың кәсіби маман ретінде қалыптасу процесінде бағалаудың өлшемдік технологияларының маңызы және ролі туралы түсінік беру. Магистранттарға бағалаудың өлшемдік технологияларының теориялық негізінің мазмұнын ашу және өзін-өзі үздіксіз жетілдіруіне талпыныс тудыру, өзіндік кәсіби іс-әрекетінде бағалаудың өлшемдік технологияларының алынған білімдерін пайдалануға ынталандыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Музыкалық білім берудің әдістемесі мен әдіснамасы

    Пәннің мақсаты - музыкалық педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық сипаттамасын ғылыми негіздеу, тұтас әдіснамалық талдауды игеру қарастырылады. Педагогика саласындағы іргелі зерттеулердің жалпы болжамдары мен заңдылықтарын талдау. Музыкалық білім беру педагогикасындағы қолданбалы зерттеулер нәтижелеріне әдістемелік ұсыныстар жасау. Музыкалық педагогикалық зерттеулердің әдістерін игеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақстандағы және шетелдегі музыкалық білімнің қалыптасуы мен дамуы

    Пәннің мақсаты - Қазақстандағы және шетелдегі музыкалық білімнің қалыптасып дамуына ықпал еткен саяси, тарихи-әлеуметтік факторларға ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан сипаттама беріп, музыкалық білімнің даму ерекшеліктері мен аксиологиялық негіздерін айқындау, мазмұнын жүйелеу. Қазіргі дәуірдегі қазақ музыкасы түрлерін жандандыру және бүгінгі өмір талабына сай жетілдіріп, кеңінен дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Ғылым тарихы ұғымы мен философия құрылымы және оның заңдылықтары, шетел тілінде білім берудің халықаралық үлгісі, жоғары мектеп педагогикасының мазмұны мен мәні, оқытудың теориясы мен әдістемесі, адам психикасының даму заңдылықтары туралы білімі қалыптасады.
  • Компьютерлік құралдарды меңгерудің заманауи әдістерін және ақпараттық технологиялар қызметтерін тәжірибеге енгізеді, бағдарламаларды пайдаланады және музыкалық білім берудің инновациялық технологияларын қолданады.
  • Теориялық білімдерді практикада қолдана отырып, концерттік орындаушылықтың бағыттарын анықтайды және бағалайды. Концерттік-орындаушылық, музыкалық-ағартушылық және педагогикалық қызметтерді жоспарлап, ұйымдастырып, оны жүзеге асырады.
  • Қазақстандағы және шетелдегі музыкалық білімнің қалыптасуы мен дамуының негіздерін айқындайды, музыкалық педагогикадағы ғылыми ізденістің принциптерін, формаларын және тәсілдерін қолданады, тиімділігін ғылыми тұрғыда қарастырады, музыкалық педагогикадағы білім берудің әдіснамалық сипатын меңгеріп, теориялық маңыздылығын талдайды.
  • Білім бағдарламасындағы пәндер бойынша игерген теориялық және практикалық білімдерін болжап, жұмыс өзектілігіне орай жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесін диссертация жұмысын қорғау арқылы дәлелдейді.
Top