Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01101 Педагогика және психология в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты психологиялық-педагогикалық ғылымдар әдіснамасының негіздерін және цифрлық технологияларды терең меңгерген, жаңа концептуалды білімдер жасауға қабілетті, халықаралық деңгейдегі жұмыс тілін қолдана отырып, ғылыми талқылау арқылы оларды мамандарға дәлелді таныстыра алатын, зерттеушілік және инновациялық психологиялық-педагогикалық іс-әрекетке икемді , жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D001 Педагогика және психология
  • Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

  • Академиялық жазу

    Мақсаты: докторанттарда академиялық жазу дағдыларын қалыптастыру және өзінің ғылыми идеяларын академиялық стильде жоғары рейтингті журналдарда ғылыми жарияланымдарды дайындау, халықаралық ғылыми конференцияларда сөз сөйлеу, педагогика және психология саласында докторлық диссертацияны жазу. Пән педагогикалық, психологиялық ғылымдағы академиялық жазудың стилі мен құрылымының ерекшеліктерін түсінуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Ғылыми зерттеудің әдістері

    Пәннің мақсаты – оқу-зерттеу қабілеттерін дамыту, ғылыми жобаны әзірлеу; талдау, әдістерді қолдану. Негізгі аспектілері: әдістемелік құралдарды меңгеру, зерттеуді жоспарлау және жүргізу дағдыларын дамыту, мәліметтерді, статистикалық әдістерді (SPSS пайдалануды қоса), зерттеу нәтижелерінен қорытындыларды талдау және түсіндіру дағдыларын меңгеру, өз бетімен ғылыми қызметке дайындалу, конференцияларда зерттеу нәтижелері. ғылыми мақалалар жаза білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Мектеп пен жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын жобалау

    Пәннің мақсаты –жоғары оқу орындары және мектепке арналған білім беру бағдарламаларын дайындауға қабілеттіліктерін қалыптастыру; жоғары оқу орындары және мектепке арналған білім беру бағдарламаларының мазмұнын және оларды тарату жағдайларын бағалау мен талдау өлшемдерінің сабақтастығын анықтау; жобалау құзыреттілігінің дамуы. Пән мектеп және жоғары оқу орнының БББ жобалаудың ерекшелігін терең түсінуге; мақсаты мен күтілетін нәтижелерді, оқыту мен бағалау әдістерін, Блум таксономиясын қолдануға, БББ мазмұнын сыни бағалауға және дидактикалық тұжырымдамаларды және т.б қолдана алуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқу-әдістемелік құжаттар мен оқулықтарды өңдеудің технологиясы мен әдістемесі

    Пәннің мақсаты - оқулықтарды, оқу- әдістемелік әдебиеттерді дайындау теориясы негізінде докторанттардың оқу- әдістемелік әдебиеттерді дайындау және жобалау қабілеттіліктерін дамыту. Курс оқулықтануды, ОӘК жасау және сараптау саласын, Қазақстанда білім беруде оларды тәжірибеде қолдану ерекшеліктерін зерттеуге; оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеуде АКТ пайдалануды, ОӘК дайындауда критериалды бағалау ерекшеліктерін, қабылдау, зейін, ойлау, елестету, ес және т.б психикалық үдерістерді есепке ала отырып талдауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогиканың философиясы мен әдіснамасы

    Пәннің мақсаты: педагогика философиясы мен әдіснамасы, педагогикалық зерттеу әдістемесі туралы ғылыми түсінік қалыптастыру, зерттеу мәдениетін дамыту, докторлық диссертацияны орындау барысында әдістемелік әлеуетті іске асыру дағдыларын қалыптастыру. Пән аясында философиялық мектептер мен концепциялар зерттеліп, білім берудің мақсаттары мен міндеттері, зеттеудің дизайн, тұлғаны қалыптастырудағы студент пен педагогикалық процестің рөлі, педагогикадағы этика мен мораль негіздері туралы сұрақтар зерттеледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заманауи психологиялық теориялар және интервенция

    Пәннің мақсаты –интервенцияның қазіргі психологиялық теорияларының негізінде жұмыс жасауда қарапайым және ерекше білім беруді қажет ететін балалармен педагогикалық үдеріске араласа алу қабілеттіліктерін қалыптастыру. Курс мүмкіндігі шектеулі/ арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін кәсіби психологиялық-педагогикалық қызметтің стратегияларын, интервенцияның әдістерін қолдану мен бағалауға; оқыту үдерісіне араласу үшін білім беру ортасын жобалауға және т.б. бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салыстырмалы білім берудің теориясы және тұжырымдамасы: отандық және шетелдік тәжірибесі

    Пәннің мақсаты – қазіргі салыстырмалы педагогиканың әдіснамасы негізінде әлемдік және Қазақстандық білім беру жүйелерін салыстыруда аналитикалық және жүйелілік құзыреттіліктерін және білім беруді талдау мен салыстыру қабілеттіліктерін қалыптастыру. Курс салыстырмалы білім берудің әдіснамасы туралы білімдер негізінде білім беруді дамыту үрдісін салыстыру және критериалды бағалау индикаторлары (соның ішінде мембағдарламаларды, статистиканы және т.б) , әртүрлі елдердің білім беру мазмұнын, даму болжамдарын, сценарийлерді ұсыну,білім берудің жалпы өзгешелік белгілерін табу, елдік, компаративистік тұғырлар, бенчмаркинг және т.б стратегиялық және тактикалық құжаттарға сыни талдау жасауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстандағы білімдендіру саясатының және білім беру тарихының өзекті мәселелері

    Пәннің мақсаты – докторанттардың кешенді теориялық білімдер негізінде білім беру жүйелерін реформалау мен модернизациялаудың оң тәжірибелерін ілгерілету мен ендіруді бағалау қабілеттерін, Қазақстандағы және әлемдегі білім беру саясаты мен білім беруді дамыту тарихы туралы теориялық білімдерін қалыптастыру. Курс Қазақстанның және шетелдердің білім беру саясатын, даму тарихын бағалауға және талдауға; елдің білім беру саясаты мен білім беру жүйесінің дамуын бағалау индикаторлары (көрсеткіштері) мен өлшемдерін ұсынуға, отандық дәстүрлер мен интеграциялық үдерістерді есепке ала отырып, білім беруді индикативтік реформалаудың стратегиялық жоспары мен кезеңдері туралы жобаларды дайындауға бағытталады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық квалиметрия және білім беру сапасын басқару

    Пәннің мақсаты – заманауи басқару парадигмасы ретінде педагогикалық квалиметрия, білім беру сапасын басқарудың тереңдетілген білімдері негізінде білім беру жүйесінің сапасын бағалау, талдау қабілеттіліктерін қалыптастыру. Курс психологиялық-педагогикалық қызметтің квалиметриялық құралдарын меңгеруге және зерттеулер жүргізуге, квалиметрияның ұстанымдарын оқып үйренуге; мәселенің туындау себептерін талдап диагностикалауға, сапа саласын басқару шешімдерін сыни бағалаудың нұсқаларын ұсынуға , тиімділік мен тәуекелдің өлшемдерін есепке ала отырып, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға , тестологиялық және технологиялық карталар және т.б әзірлеуге бағытталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Цифрлық ұрпақты оқытудағы нейроғылымдар және SMART технологиялар

    Пәннің мақсаты – докторанттың Педагогика 3.0 және 4.0 негізінде цифрлық ұрпақты оқытуда SMART- орта және цифрлық технологияларды,коннективизм және нейроғылымдарды әзірлеу және қолдана алу қабілеттерін дамыту . Курс цифрлық ұрпақты оқыту сапасын жақсартуда нейробиология, нейропсихология, компьютерлік ғылымдардың жетістерін есепке ала отырып, цифрлық білім берудің трансформациялануын терең түсінуге , оқытудың коннективистік білім беру ортасын жобалай алуға бағытталған. Балаларға білім беруде және инклюзияда адам миының нейропластикасы , сонымен қатар Smart (self-, media-, art-, re- и trans-)-ортаны қолдану педагог пен психолог үшін жаңа мүмкіндіктер тудырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім беру сапасын бағалаудың әлемдік жүйелері

    Пәннің мақсаты – білім беру саласындағы сапалық бағалаудың әлемдік жүйелерін, рефлексиялық бастауларын, мәнін, болашақтағы бағыттарын талдай алу қабілеттіліктерін қалыптастыру. Курста сапаны басқару теориясының қалыптасу және даму кезеңдері, ұстанымдары, функциялары, білім беру сапасын басқару мәселелері мен деңгейлері; білім беру сапасын бағалаудың әлемдік модельдері, білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкес реформалау; халықаралық және шетелдік зерттеулерді есепке ала отырып, білім беру үдерісінің сапасын бағалау мен диагностикалаудың заманауи технологиялары қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Тұжырымдамалық тұрғыдан ойлау, педагогика мен психологияның өзек- ті бағыттары бойынша жаңа ғылыми жобалардың құрылымы мен мазмұнын әзірлеу, әдістемелік аппаратты жобалау, зерттеу жобасын, педагогикалық эксперимент, математикалық статистика әдістерін пайдалана отырып, сапалық және сандық мәліметтерді талдау жасау;
  • Мектеп пен ЖОО арналған білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құжаттамасын, жалпы білім беру мазмұнын тұтастықта жобалау, Қазақстандағы орта және жоғары білім беруді реформалаудың кейбір мәселелерін бағалау және орта және жоғары мектептерді реформалауды тереңдету бойынша өз ұсыныстарын беру,
  • Тұлғаның рухани, әлеуметтік және жеке өмірі контекстінде проблемаларын анықтай отырып, тұлғаның өмірлік мәселелерін шешуге араласу мүмкіндіктерін, білім беру ұйымының психологиялық қызметтерінің қызметін бағалай отырып, білім беруге араласу үшін заманауи психологиялық теорияларды қолдану;
  • Салыстырмалы білім беру саясатының өзекті мәселелерін талдау және оларды шешу үшін әлем елдеріндегі білім беруді дамытудың тарихи және салыстырмалы талдауы негізінде ғылыми ұсыныстар беру;
  • Білім беру саласындағы технологиялар мен тестілеу карталарын, білім беру жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етуге, білім беру сапасын арттыруға бағытталған шешімдерді дайындау жөніндегі қызметті жобалау;
  • Квалиметриялық бағалауды қолдануды жоспарлау және квалиметриялық құзыреттіліктерді меңгеру; өзінің қызметтік жұмысы аясында басқару функцияларын кәсіби деңгейде жүзеге асыру және кәсіби мәселелерді білім беру ұйымдарының мүддесіне сәйкес шешу, басқарушылық - аналитикалық құзыреттіліктерді меңгеру,
  • Студенттік орталықтандырылған оқыту мен бағалауды жүзеге асыра отырып, магистратура мен докторантурада оқу сабақтарын ұйымдастыру, оны өзінің кәсіби қызметтің кең саласында шығармашылықпен жүзеге асыру, өзін және басқаларды кәсіби міндеттерін орындауға ынталандыру, өз ісіне жауапкершілікпен қарау, азаматтық және кәсіби борыш сезімін дамыту;
  • Инновациялық ғылыми-білім беру қызметінің стратегиялары мен технологияларын қолдана отырып, Цифрлық ұрпақ оқушыларын оқыту және дамыту үшін Smart -, цифрлық технологиялар мен нейроғылым мүмкіндіктерін сыни тұрғыдан бағалау;
  • Психологиялық-педагогикалық ақпаратты талдау және жинақтау, студенттерді дамытуға ынталандыру арқылы білім алушылардың зерттеу дағдыларын диагностикалауды жүргізу;
  • Дәстүрлер мен қоғамдық нормаларға негізделген білім мен ғылымның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсінуді көрсету, іскерлік және ғылыми-білім беру этикасының нормаларын сақтай отырып, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық, нәсілдік, этикалық және кәсіби топтардағы адамдармен, барлық жастағы және өмір салтындағы адамдармен өзара іс-қимылдың барабар әдістерін қолдана отырып, олардың кәсіби қызметіне негізделу;
Top