Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01723 Қазақ тілі және әдебиет педагогтарын даярлау в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қоғамның мәдени және әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық қарқынды дамуын қамтамасыз ететін және өз бетінше ойлауға қабілетті, жоғары рухани-адамгершілік қасиеттері, терең ғылыми және педагогикалық дайындығы бар, тіл білімі мен әдебиеттің іргелі және қолданбалы бағыттары бойынша базалық түсінігі толыққанды қалыптасқан, қазіргі заманғы филологиялық үдерістер мен құбылыстарды талдаудың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік әдістерін меңгерген маман даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі кезеңдегі қазіргі әдебиеттің және оның тарихының өзекті мәселелерін айқындайды және оларды өзінің кәсіби қызметінде ұтымды пайдаланады, болашақ ұрпақтың ұлттық идеясын қалыптастыру мақсатында Алаш қайраткерлерінің ұлттық идеясын талдайды.
  • Қазақ тіл тарихының қалыптасу және даму кезеңдеріне арналған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне жан-жақты терең талдау жүргізеді.
  • Авторлық ауызша әдебиеттің ерекшеліктерін, жазбаша әдебиетпен сабақтастығын, көркем поэтика жүйесі мен көркем шығармадағы психологизм концепциясын танып білу арқылы көркем шығарманы талдайды
  • Қазіргі лингвистикалық ілімнің іргелі ізденістері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді, меңгерген білімдерін зерттеу жұмысы мен оқыту әдістемесінде қолданады, әлемдік филология процесін зерттеудің эмпирикалық әдістері мен мәтіннің лингвистикалық аспектілерін талдау әдістерін пайдаланады.
  • Ұлттық ментальділіктің ғылыми-теориялық негіздеріне сәйкес әдебиет пен лингвистикалық зерттеулерді оқытудың ғылыми көздеріне, әдіснамалық негіздері мен әдістеріне талдау жүргізеді.
  • Аударма теориясы мен практикасын игеру арқылы аударылатын мәтіннің сапасын талдайды, көркем мәтінді аудару мен түсіндірудің ерекшеліктерін ескере отырып, аударма саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді.
  • Лингвистикалық сөздіктердің сөз тізбегін салыстыра отырып лингвистикалық терминдердің метатілдік корпусын әзірлейді, отандық және шетелдік тіл білімінде пайда болған терминологиялық келіспеушіліктер туралы ақпаратты талдайды.
  • Қазіргі заманғы зерттеу әдістерін пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде шет тілін пайдаланады
  • Жаңа жағдайларда басқару міндеттерін шешу мақсатында жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясы аясында меңгерген білімі және біліктілікін пайдалана отырып оқытушының кәсіби құзыреттіліктеріне, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазу дағдыларын қолданады
  • Педагогикалық әдістердің көмегімен сабақтардың түрлі типтерін жоспарлайды, ғылым, білім және инновациялардың тығыз интеграциясы қағидаттарында жаңа формациядағы жоғары білікті педагог кадрларды сапалы дайындауды жүзеге асырады.
  • Менеджменттегі қазіргі теориялар мен концепциялар бағыттарының ерекшеліктерін және ғылым тарихы мен философиясының мәселелерін талдай отырып, ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерді табады
Top