Жаңа білім беру бағдарламасы

7R01149 Онкология химиотерапевті в С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Ісік ауруларымен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету кезінде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, онкологиялық-химиялық терапия практикасы мен ғылымында озық инновациялық технологияларды қолдана және дамыта алатын, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін пайдалана алатын, халықтың денсаулығын нығайта алатын мамандарды даярлау
  • Академиялық дәреже Резидентура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 144
  • Білім беру бағдарламаларының тобы R049 Онкология химиотерапевті
  • Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау

Оқыту нәтижелері

  • Медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелденген практика негізінде клиникалық диагнозды қойып, емдеу жоспарын тағайындау және оның тиімділігін бағалау
  • Науқасты емдеуде, үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында, оның айналасымен, басқа да денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру
  • Медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қауіптерді бағалау және тиімді әдістерді қолдану
  • ҚР НҚА шеңберінде әрекет ету, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсету, кәсіпқойаралық командалар құрамында жұмыс істеу
  • Химиотерапия бойынша ғылыми-зерттеу мәселелерін тұжырымдау, халықаралық деректер базасын тиімді пайдалану, грант шеңберінде немесе бастамашылық тәртіппен ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу
  • Клиникалық тәлімгердің басшылығымен өз бетінше оқу, үздіксіз кәсіби дамудың барлық нысандарына қатысу
Top