Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B11312 Логистика (салалар бойынша) в Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты заманауи логистикалық әдістерді қолдану негізінде кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерін шеше алатын, логистикалық қызметтің принциптері мен концепцияларын меңгерген, жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби қызметке даярлау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B095 Көлік қызметтері
  • Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
  • Дайындық бағыты 6B113 Көлік қызметтері

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • ON8: Жүк түрлері бойынша қойма жабдықтарының параметрлерін оңтайландырумен логистикалық жүк жүйелері мен ағындық үрдістерді жобалау.
  • ON1:Ғылыми жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық пәндер бойынша базалық білімді меңгеру, кең ой-өрісі мен ойлау мәдениеті бар жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді
  • ON12: Жеткізу тізбегіндегі техникалық-технологиялық үрдістерді оңтайландыру үшін логистикалық жүйелер мен көліктік-логистикалық инфрақұрылым нысандарын жобалау.
  • ON4: Көлік тапсырмаларын шешуде математиканың, физиканың негізгі заңдылықтары туралы білімдерін көрсету
  • ON9: Логистикалық нарықты маркетингтік талдау негізінде нарықтық стратегияларды әзірлеу
  • ON5: Кәсіби қызметті жүзеге асыруда тіршілік қауіпсіздігі, экология және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша білімді қолдану.
  • ON14: Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, компаниялардың, автожол саласының, көлік экспедициясының қызметін регламенттейтін мемлекеттік органдар актілерінің нормаларын қолдануға қабілетті
  • ON13: Жүк және коммерциялық операцияларды орындау бойынша жұмысты ұйымдастыруға, тасымалдаудың үздіксіз технологиясын және тасымалданатын жүктің сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті
  • ON6: Көлік түрлерінің ұтымды өзара іс-қимылын, тасымалдау кезінде қалалар мен өңірлердің көлік кешендерінің жұмысын ұйымдастыру.
  • ON7: Көліктік-логистикалық қызметтер нарығында тасымалдау сапасын қамтамасыз ету мақсатында жолаушыларды тасымалдау мен жүктерді жеткізудің оңтайлы сызбаларын әзірлеу.
  • ON15:Қорларды басқару, тасымалдау, қоймалау, жүк өңдеу, буып-түю, қызмет көрсетудің әртүрлі модельдері мен әдістерін қолдану.
  • ON11: Нормативтік-құқықтық актілерді сақтай отырып, логистикалық жүйелердің жаһандануы жағдайында сыртқы сауда жүктерін жеткізудің көліктік үрдістерін басқару.
  • ON2: Кәсіби қазақ (орыс) және шет тілдерін тұрмыстық және кәсіби қарым-қатынас, іскерлік хат алмасу және іс қағаздарын арнайы кәсіби және ғылыми терминологияны пайдалана отырып жүргізу үшін қажетті көлемде меңгеру
  • ON10: Логистикалық шығындарды ескере отырып, көлік қызметтері саласындағы материалдық және ілеспе ағындарды ұйымдастыру және басқару.
  • ON3: Логистикалық үрдіске менеджмент және мемлекеттік реттеу қағидаттарын ықпалдастыру
Top