Жаңа білім беру бағдарламасы

6B03213 Web-журналистика в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Пәндер

  • Фотожурналистика бойынша практикум

    Журналистикадағы фотография тарихы, көркемдеу құралы, фотоаппараттың құрылысы және түрлері, түсірілім параметрлері, фотографияның жанрлары, әлемдік баспасөз фотографиясы, фоторепортердің кәсіби әдебі мен ережелері, фотосуреттерді өңдеудің ережелері мен әдіс-тәсілдері, фотожурналистика жанрлары, фотоочерк жанры туралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Интернет медиа технологиясы

    Web журналистика және IT технологиялары бойынша журналистикаға қатысты компьютерлік бағдарламалар, оның технологиялары мен заңдылықтары, Web журналистикада пайдаланылатын жалпы нормативтер, программалық жабдықтау мен қолдану тәсілдері, IT технологияларына қатысты дизайндар, беттеу, мәтін орналастыру туралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Web-журналистикадағы ақпараттық қауіпсіздік

    Веб-журналистикадағы ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі аспектілері, кәсіби этикалардың нормалары, журналистік ережелердің қалыптасуы, ақпараттық қауіпсіздіктің ерекшеліктері, web-журналистикадағы ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар, ақпаратты қорғау, қауіп түрлері, ақпаратты қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық әдістері туралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Журналистикадағы менеджмент

    Журналистикадағы менджмент және маркетингтің ерекшеліктері, қазіргі заманғы медиа бизнестің экономикалық проблемалары ментенденциялары, журналистикадағы менеджмент процестерінің негізгі ерекшеліктері, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді маркетингтік болжамдар әзірлеу мен бағалау нормасы, журналистикадағы менджментте пайдаланылатын негізгі ұғымдар туралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Журналистика және инклюзивті орта

    Студенттерді мамандық негіздерімен, қазақ журналистикасының тарихы мен даму ерекшеліктерімен, салалар мен жанрлық топтамалармен кең көлемде таныстыру. Журналистика мамандығының негізгі принциптері мен функциялары, нормативтік ережелері мен қызметі, журналистің құқығы мен ақпарат құралдары жүйесін қалыптастыру тәрізді мамандықтың сан-салалы қызмет түрінен, ақпараттың физикалық ерекшеліктері бар адамдарға, сонымен қатар әр түрлі әлеуметтік топтарға қолжетімдігі мен құқығы туралы мағлұмат беру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ журналистикасының тарихы

    Қазақ баспасөзінің қалыптасу, даму тарихы жөнінен білімін қалыптастыру. Қазақ журналистикасының негізін қалаған зиялы қауым өкілдерінің өмірімен және ақпарат құралын даярлаудағы шығармашылық жолымен таныстыру. Қазақ даласында жарық көрген «Түркістан уалаяты газеті», «Дала уалаяты газеті», «Айқап» сынды басылымдардың шығу тарихы мен даму ерекшеліктері туралы түсінігін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Web-сайтты бағдарлау

    Сайтты құру кезеңдері, веб сайттың дизайнына қойылатын талаптар мен техникалық сипаттамалар, веб сайтты бағдарлаудың типтік нормалары, сайт жасау талаптары туралы оқыту. Сайттың навигациялық сұлбасы мен оның деректер базасын құруды үйрету. Бағдарламалық жабдықты игеруге дағдыландыру. Веб сайттардың түрлері, жобалау кезеңдері мен бағдарламалық жабдықты таңдау ерекшеліктері туралы білім беру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Веб-жаңалықтар журналистикасы

    Желідегі журналистің шығармашылық ерекшеліктері, публицистикалық мәтіннің жасалу ерекшеліктері, журналистік өнімдердің негізгі алгоритмдері, отандық интернет журналистердің шығармашылық және журналистік құрамдастарын біріктіру идеясы, интернет жаңалықтары, ақпарат агенттіктері, жаңалық журналистикасындағы стиль мен дизайн, веб журналистикадағы жаңалықтарды дайындаудың әдіс-тәсілдері туралы практикалық дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тарихи сабақтастық және қазіргі журналистика теориясы

    Журналистиканың тарихы мен даму тенденциялары, қазіргі қазақ журналистикасының деңгейі мен теориялық аспектілері, баспасөздегі тарихи сабақтастық, журналистика жанрлары, журналистика және ақпараттық кеңістік, БАҚ типологиясы мен түрлері, журналистика және шығармашылық қызмет, БАҚ-тың пәндік-тақырыптық әмбебаптануы және мамандануы туралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Тіл және мәдениетаралық қарым-қатынас

    Тілдік қатынастың ерекшеліктері, басқа ғылымдармен байланысы, мәдениетаралық қарым-қатынастың әлемдік тәжірибедегі зерттелуі, коммуникация термині, қазіргі мәдениетаралық коммуникация мәселелерінің өзектілігі, тілдік қатынастың сипаттамалары, сөйлесім, тілдесім, айтылым, тыңдалым туралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Стилистика және редакциялау

    БАҚ-тың стилистикалық аспектілері, тілдің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік және фоностилистикалық ерекшеліктері; стильдік нормалар; жарнама тілі мен стилі, қазіргі баспасөз тіліндегі кемшіліктер, қателермен жұмыс, журналистік мәтінге редакторлық баға беру және талдау; медиамәтіндерді редакциялаудың принциптері, тәртібі мен тәсілдері; түрлі типтегі, жанрдағы және бағыттағы журналистік мәтіндерді редакциялау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Журналистік интернет-мәтіндерді құру

    Интернетте мәтін құру, жалпы тақырып төңірегіндегі сабақтастық пен тұтастық, ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің тізбегі, интернет мәтін сөзінің этимологиясы, семантикалық құрылымдар, интернетте мәтін құрудың программалық бағдарламалармен байланысы, мәтін құрудың ерекшеліктері мен заңдылықтары, мәтінге қойылатын талап туралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Шетелдік онлайн-медиа

    Шетел журналистикасы, шетелдік мерзімді баспасөз бен шетел сайттары, шетел сайттарының шығу тарихы мен ондағы материалдар, сайттарға жарияланған материалдарды әлеуметтік желіде жариялаудың тәртібі, шетелдік онлайн-медианың отандық онлайн-медиамен байланысы, ұқсастығы мен айырмашылығы, онлайн-медиаға қойылатын талаптар ерекшеліктеріне оқыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мультимедиалық журналистикадағы технология, дизайн, шығармашылық

    Мультимедиялық өнім, онлайн журналистиканың терминологиясы, ақпарат пен компьютерлік-цифрлық технологиялардың телевидение мен радиода жинақталуы, конвергенттік басылым жұмысының құрылымы, жаңа онлайн форматтардың ерекшеліктері және жаңа жеткізу арналары, мультимедиалық ақпараттық өнімдер, мультимедиалық журналистикадағы дизайн мен шығармашылық туралы практикалық дағдыларды меңгеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жасанды интеллект: принциптері мен қолданылуы

    ЖИ бойынша теориялық білім мен құралдарды қолданудағы құзыреттіліктерді дамыту, заманауи интеллектуалды жүйелерді тұтас түсінуді қалыптастыру; ЖИ-дағы білімді көрсетудің негізгі ұғымдарын, бағыттарын және модельдерін зерттеу, мамандандырылған құралдар арқылы профильдік жүйелерді жобалауға үйрету. ЖИ негіздерін, білімді көрсету модельдерін меңгеру. ЖИ әдістерін негізгі интеллектуалды жүйелерде қолдану дағдысы. ЖИ-технологияларды енгізудің әлеуметтік салдары қабілетін талдай білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жаңа медианың тілі мен стилі

    Журналистикадағы тілдік, стилдік шеберлік,тілдік қолданыстың лексикамен, грамматикамен, фонетикамен байланысы,тілдік құрылыстың қызметі, стилистикалық жан-жақтылығы, тілдік, стильдік құралдардың қолданылу жолдары, жаңа медианың тілі мен стилінің нормалары мен ерекшелігітуралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Журналистика және шығармашылық қызмет

    Қазақстандық ақпараттық агенттіктер, ақпараттық порталдар, сайттар, отандық және ресейлік жаңалықтар журналистикасы, қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті тілдерде сауатты ауызша сөйлеудің нормалары, теледидар, радио, интернет-эфирдегі шығармашылық жұмыс, әртүрлі жанрдағы хабарларды дайындау мен жүргізудің тәртібі туралы білім беру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түзету теориясы мен практикасы

    Мәтіндерді түзетудің практикалық дағдыларын меңгеру. Материалдарды стилистикалық, орфографиялық, пунктуациялық тұрғыдан редакциялаудың нормалары мен қағидаларын түсіндіру. Аударма мәтіндерін редакциялау теориясы мен практикасы, журналистикада мәтінді түзету жұмыстары, түзету теориясы мен практикасы туралы дағдыларын үйрету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Баспа ісі

    Баспа өнімдерінің сараптамма жасау, Республикамыздағы баспа жүйесінде мәтін теруден бастап, кітап өнімін оқырманына жеткізгенге дейінгі барлық өндірістік жұмыстарды атқаратын ірі баспалардың тарихын білу, баспаның да, полиграфиялық өндірістің де, кітап тарату ұйымының да жұмысын меңгеру, кітапты баспаға әзірлеудің толық кезеңін жүргізуді бақылау, сондай-ақ дайын кітаптарды тарату мен оған жарнама жүргізу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Емле және пунктуация

    Аударма мәтіндерін редакциялау дағдыларын шыңдау. Мәтіндерді редакциялау теориясы мен практикасы туралы білімін қалыптастыру. Әлеуметтік коммуникация процесінде қалыптасқан әлеуметтік-мәдени қызметтің нақты бағытын, журналистикада мәтінді түзету жұмыстарын, даярланған материалдарды стилистикалық, орфографиялық, пунктуациялық тұрғыдан түзетудің нормалары мен қағидаларын меңгерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Web журналистикада контент құру

    Веб-журналистиканың негізгі ұғымдары, оның әлеуметтік институт, қызмет тегі ретіндегі қалыптасуы, журналистиканың қоғамдық мәртебесі мен біліктілік дәрежесі, жариялылық және сөз бостандығы мәселелері, бұқаралық авқпарат құралдары жүйесі, веб-журналистиканың қызмет тәжірибесі мен тиімділігі, контент құру ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Web-журналистің шеберлігі

    Веб журналистикадағы журналистің өзіне тән шеберлігін анықтау болып табылады. Журналист кез-келген ортада өзінің кәіби шеберлігін, сонымен қатар этикасын білуі шарт. Кәсіби дағдылар туралы идеяны білу, қазақстандағы веб-журналистиканың дағдыларының негізгі белгілерін меңгеру; -шығармашылық, ақпараттық, еркін болыңыз, журналистік шығармашылықтың негізгі дағдыларына ие болу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік желілердегі PR

    Жарнаманың шығу тарихы мен даму кезеңдері, әлеуметтік желілердегі жарнама, түрлері мен ерекшеліктері, слайд-шоу мен дыбыстық слайд-шоу, бейнематериалдар, интерактивті карталар, желілік қызметтер, PR қызмет пен БАҚ-тың байланысы, PR мамандардың атқаратын жұмысы туралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Web-дизайн

    Стильдік дизайн, бет макеті, стиль бірыңғайлылығы, алуан түрлілікті енгізу ерекшеліктеріне, web дизайн негіздеріне оқыту. Web-бетте ақпараттарды дайындау, мәтін мен шрифтті, мәтіннің негізгі элементтерін орналастыру, шрифт, сілтеме, фон таңдаудың тәсілдері, сайттың сыртқы көрінісін басқару ерекшеліктерін оқыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шешендік өнер және мәнерлеп оқу

    Қазақтың ұлттық шешендік өнерінің шығу тарихы, оның мазмұны мен құрылысы туралы білімін қалыптастыру, шешендік сөздердің көркем тілдік сипаты, өзге ғылым салаларымен байланысы, шешендік өнерді меңгерту жолдарын анықтау, шешен сөйлеу мәдениеті мен мәнерлеп оқу ерекшеліктерін талдау, жыраулар шығармаларындағы үндестік туралы білім беру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері, Қаржылық сауаттылық

    Пәннің мақсаты – студенттерді экономика мен кәсіпкерліктің негізгі принциптері мен заңдылықтарымен таныстыру, нарықтық экономикада тиімді кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру; құқықтық жүйе мен заңнаманың негіздерін үйрету, сондай-ақ коррупцияға қарсы күрес шаралары мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру арқылы әділ қоғам құруға бағытталған сана мен дағдыларды дамыту; қаржылық білімін жетілдіру, жеке қаржыны тиімді басқаруға қажетті дағдыларды қалыптастыру, қаржы өнімдері мен инвестицияларды дұрыс таңдауға қабілеттілігін дамытуға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аймақтық журналистика

    Өңірдегі мерзімді басылымдар мен телеарналар,облыстық телевидениеге, газеттерге еңбегі сіңген байырғы және қазіргі журналистердің, редакторлардың еңбектері,аймақтық журналистиканың тарихы, қалыптасу, даму жолдары туралы білімдерін қалыптастыру.Кеңес дәуіріндегі аймақтық журналистиканың негізгі даму бағыттары, типологиясы туралы түсінік қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Журналистің кәсіби этикасы

    Журналистік этиканың теориялық негізі, журналист этикасын зерттеген ғалымдардың ғылыми тұжырымдамасы, журналистің кәсіби этикалық қағидалары мен міндеттері, этика функциялары, этика принциптері, БАҚ туралы Заң, журналистің этикалық кодексі мен заңдылықтары туралы білім беру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Баспа дизайны

    Студенттің баспа өнімдерінің дизайнын жасау қабілетін ұштау. Дизайн жасауда қолданылатын программалық жабдықтарды пайдалануға үйрету. Басылым түрі, формат, блок, материалдар сынды техникалық параметрлерді пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Баспаның ішкі критерийлеріне сәйкес басылымдардың макеті мен басылымның сапалы безендірілуіне қойылатын талаптарды үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • "Толық адам" ілімі

    Пәннің мақсаты - Абайдың «Толық адам» ілімі ауқымында түркі руханиятындағы ізгілік ілімдерінің алғышарттарымен, тарихи негізді жүйесімен, туындау, даму тенденцияларымен таныстыру; Ұлттық модельдегі құндылықтық нормалар мен олардың насихатталу жайын дәйектеп, саралау; «Толық адам» ілімінің тұлғалық, қоғамдық дамудағы рөлін түсіндіру; «Толық адам» ілімі жүйесін қамтитын ғылыми категориялардың барысымен таныстыру; Аталған ілімнің рухани-интеллектуалдық бағыттағы концептуалдық рөлін нақтылы талдаулар мен теориялық дереккөздер желісінде айқындау; Абайдың рухани-шығармашылық мұрасындағы «Толық адам» ілімінің поэтикалық желісін талдаудың әдістерін, технологияларын үйрету. «Толық адам» ілімінің - қоғамды ізгілендіру бағытындағы ренессанстық сипатын ұғындыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Веб-журналистика негіздері және журналистік этика

    Журналистің интернеттегі қызметінің құқықтық негіздері, интернет БАҚ-тың ерекшелігі, журналистің интернеттегі қызметі, этикалық аспект, журналистикадағы адамгершілік ұғымы және этиканың негізгі қағидалары, журналистің кәсіби этикасы, пайда болуы мен дамуы, интернеттегі журналистік этиканың ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Рекреативті журналистика

    Рекреативті функцияның журналистикадағы орны мен қолданылу аясы, іскерлік журналистиканың мақсаты мен тақырыптық бағытындағы рекреативтілік, журналистикадағы рекреативті бағдарламалардың ерекшеліктері, заманауи журналистикадағы ойын-сауық, рекреативті, компенсаторлы және басқа да бағыттағы материалдар мен оларды дайындау әдістері туралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Интернеттегі жарнама және PR

    Отандық пиардың түрлері мен даму ерекшеліктері, жарнама түрлерінің жалпы сипаттамасы, қолдану аясы, ҚР жарнамамен PR жасаудың ерекшелігі туралы білімдерін қалыптастыру. Интернеттегі жарнаманың мәні, сипаттамасы, таралу аумағы туралы мәліметтерді меңгеру. Жарнаманың түрлеріне толыққанды тоқталу. Қазақ журналистикасындағы пиар мәселесінің көтерілуі туралы мағлұматтар беру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тіршілік қауіпсіздігі, Экология және тұрақты даму

    Пәннің мақсаты-тіршілік қауіпсіздігі негіздерімен, қазіргі экологиялық проблемалармен және тұрақты дамуға қол жеткізу тұжырымдамаларымен таныстыру. Жалпы экология қағидаттары мен адамзаттың даму қағидаттары бар экожүйелердің даму заңдылықтары, ғылыми-техникалық прогресс, ҚР Экологиялық қауіпсіздігінің негізгі мәселелері зерделенетін болады. Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы негізгі ұғымдар мен ұғымдарды пайдалану бойынша білім мен дағдыларды меңгеретін болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Онлайн журналистиканың жаңа үрдістері

    Қазақстандық ақпараттық агенттіктер, ақпараттық порталдар, сайттар, отандық және ресейлік жаңалықтар журналистикасы, онлайн журналистиканың жаңа үрдістері, интернет журналистиканың мультимедиялық мүмкіндіктері, заманауи тенденциялар мен журналистиканың ұштасуы, жаңа медианың даму тенденциялары мен проблематикасы, қазақстандық журналистермен ғылымдардың еңбектері туралы білімдерін қалыптастыру

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Веб-жобаларды басқару

    Веб-жобаны басқару стандарттары мен талаптары, веб-жобаларды басқарудың ерекшеліктері, вебті дамытуға арналған жобаларды басқару әдістері, сарқырама жобасын басқарудың классикалық әдістемесі, қосымшаны жылда мәзірлеу, экстремалды бағдарламалау, жобаны басқару құралдарымен қосымшалары, мазмұнды басқару туралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Журналистік зерттеу

    Студенттің қазақстандық БАҚ-та жарияланған зерттеу мақалаларына талдау жасау шеберлігін ұштау. Журналистік зерттеу сөзінің шығу тарихы мен мағынасы, зерттеудің өзге мемлекеттердегі дамуы мен Қазақстандағы ерекшелігі, зерттеу нормалары, журналистік этика, кәсіби қызметтегі авторлық және гуманитарлық құқық нормалары туралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстаннның жаңалықтық журналистикасы

    Қазақстандағы жаңалықтар сайттары, жаңалық тарататын сайттар мен әлеуметтік желілер, ақпарат жазудың талаптары мен түрлері, ақпаратты жариялауға қойылатын талаптар, ақпараттық журналистиканың жанрлық ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру. Студенттің ақпарат дайындау шеберлігін ұштау

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тақырыптық типология

    Интернеттегі медиа-жобалардың типологиясы және жанрлық-тақырыптық ерекшелігі, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының Интернет-өкілдіктерінің типологиялық сипаттамасы, интернет медианың түрлері мен типологиялық дифференциациясы, ұлттық аймақтық баспасөз типологиясы, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының типологиясы, тақырып қою туралы білім беру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сараптамалық журналистикасы

    Студенттің аналитикалық мақала жазу, қазақстандық БАҚ-та жарияланған аналитикалық материалдарға талдау жасау шеберлігін ұштау. Сараптамалық журналистиканың ерекшеліктері, сараптамалық бағдарламаларды дайындауға қойылатын талаптар, зерттеу материалдарының дайындалу нормалары, әртүрлі әлеуметтік желілер үшін зерттеу жасау ерекшелігі туралы білім беру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат

    Пәннің мақсаты – ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру, ғылыми жұмысқа қажетті дағдыларды дайындау және дамыту. Оқытылады: жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, зерттеу әдістемесі, деректермен және бастапқы дереккөздермен жұмыс, зерттеу жұмысын коммерцияландырудың мақсаттары мен міндеттері, материалды баяндаудың ғылыми стилін меңгеру. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда практикалық дағдыларды меңгереді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Web-журналистің шеберлігі туралы семинар

    Студенттердің журналистік шеберлігін ұштау. Ақпаратты жедел әрі толық алу мен оны жинаудың әдістері мен тәсілдерін үйрету. БАҚ-тың әлеуметтік кеңестіктегі орны, тілдік, стильдік сауаттылық ережелері, журналистік зерттеу жүргізудің алғышарттары, Web-журналистің шеберлігіне қойылатын талаптар, шеберлік шыңдаудың теориялық аспектілері туралы білім беру

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Мультимедиалық тарихты құру

    Мультимедиалық журналистиканың даму бағыттары мен проблемалары, мультимедиалық тарихты құрудың теориялық аспектілері, ең үздік мультимедиалық құралдар, инфографика, интерфейс, графикалық тәсілдер және әлеуметтік желілер, мобильді репортаждар, веб-сайттағы ұсыныстар мен құралдар, жаңалықтар веб-сайтын басқару негіздері туралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ (орыс) шетел әдебиеті

    Әдебиет кезеңдеріне, тұңғыш әдеби жанрлардың қалыптасуына, даму жолына нақты тарихи талдау жасау қабілетін дамыту. Әдебиеттердің жанрлық ерекшеліктері, әдебиеттің даму бағыттары, шетел әдебиетінің мазмұны, даму кезеңдері, әдеби бағыттары, жанрлық ерекшеліктері туралы білім беру

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Мультимедиалық журналистика

    Мультимедиялық журналистиканың даму бағыттары мен мәселелері, мультимедиялық сюжетті құрудың теориялық аспектілері туралы түсінік қалыптастыру. Мультимедиалық құралдар ұғымының мәнін ашу. Білім мен дағдыны тәжірибеде қолдану. Инфографика, интерфейс, графикалық тәсілдер және әлеуметтік желілер туралы практикалық білімін құру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Журналистік деректер

    Студенттің деректерді өңдеу қабілетін ұштау. Белгілі бір журналистік оқиғаны ашудың негізгі құралы мен қағидалары, қазақстандық журналистикадағы деректер мен дәйектер, ақпараттық кеңістікте дерекпен жұмыс істеудің тәртібі, журналистикадағы статистика туралы білімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі журналистиканың жанрлық пішіндері мен қызметтері

    Бұқаралық ақпарат құралдарының типологиясы мен жанрлары туралы теориялық алған білімдерін практикада қолданып, негізгі ақпараттық, аналитикалық, көркем-публицистикалық жанрларды кеңіннен пайдалана отырып, журналистиканың әртүрлі саласы бойынша баспасөзге, теледидарға, интернетке сауатты, сапалы мәтін жазу қабілетін дамыту

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Публицистиканың әдістері мен тәсілдері

    Студенттің публицистикалық әдістерді сараптау қабілетін ұштау. Студенттің журналистикадағы жазу стилін қалыптастыру. Ақпарат алудың әдіс-тәсілдері мен құралдарын игеруге баулу. Әртүрлі баспа өнімдерін басып шығарудың жолдары мен әдістерін үйрету. Публицистикадағы материалдарды дайындаудың әртүрлі формалары мен нормалары туралы білім беру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Ақпараттық журналистиканың санаттары мен түрлері, проблемалары мен терминологиясын жалпылау; қазақстандық ақпараттық БАҚ, интернет-индустрия ерекшеліктерін түсіну; деректердің компьютерлік өңдеуін жүзеге асыру мақсатында мультимедиялық журналистиканың құралдары мен мәтіндік редакторлардың түрлі типтерін пайдалану
  • Деректерді жинау, өңдеу және талдау, сонымен қатар кәсіби қызметтегі қолданбалы мәселелерді шешумақсатында жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, іргелі қолданбалы зерттеулерді жүргізеді, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру идеяларын тұжырымдау және негіздеу кезінде академиялық мәтіндерді сауатты пішімдейді. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың барлық талаптарын сақтай отырып, қызмет пен технологиялық қызмет өнімдерінің, ғылыми жаңалықтардың қоршаған ортаға әсерін ескереді
  • Функционалды және стилистикалық нормаларды ажырату, бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилінің ерекшеліктері, бұқаралық ақпарат құралдарының әр түріне материалдар құрастыру, редакторлық талдау, өздігінен редакциялау, тілдің стилистикалық ресурстарын пайдалану дағдыларын көрсету; тілдің экспрессивтік мүмкіндіктерін және риторикалық техниканы меңгеру.
  • Баспасөз, теледидар, интернет саласындағы журналистік шығармашылықтың негізгі әдістерін қолдану, ақпараттық қауіпсіздік, фотожурналистика, журналистердің кәсіби этикасы, интернет-медиа технологиясы негіздерін түсіну.
  • Стилистиканың ерекшеліктерін, редакциялаудың қыр-сырын, баспа ісі мен шығармашылық қызметтің ерекшеліктерін, қазақ журналистикасының тарихына қатысты деректерді, шетелдік онлайн-медианың қалыптасу кезеңдері мен журналистикадағы менеджменттің алғышарттарын, аймақтық журналистиканың негіздерін түсіндіру
  • Сараптамалық журналистика, тақырыптық типология, рекреативтілік, журналистік зерттеу ерекшеліктерін түсіну; журналистиканың негізгі функцияларын, принциптері мен әдістерін, әр түрлі БАҚ типтерінің жанрлық ерекшелігін, ақпаратты жинау және өңдеу тәсілдерін жіктеу; халықаралық сөз бостандығының стандарттарын, интернеттегі жарнаманың нормаларын анықтау.
  • Отандық және әлемдік әдебиет, қазақ және шетелдік журналистика тарихын, Қазақстандағы ақпараттық журналистика ерекшеліктерін сипаттау; мультимедиалық тарихты құрудың әдістері мен тәсілдерін, интернет журналистиканың құралдарын пайдалану.
  • Тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби салаларда негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін қоғам мен мемлекет дамуының тарихи, мәдени, философиялық және әлеуметтік-гуманитарлық негіздерін, мемлекеттік және ұлттық құндылықтар жүйесін, сондай-ақ экономика, құқық, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық салаларындағы жан-жақты түсінігін көрсетеді
  • Онлайн журналистиканың жаңа үрдістерін талдау, қазіргі журналистиканың жанрлық пішіндері мен қызметі, журналистік деректер, веб-жобаларды басқарудың ерекшеліктері, баспа дизайнына қойылатын талаптар, этика қағидалары мен заңдылықтарын сипаттау.
  • Аудио-әңгіме, подкасттар және видео құрастыру мақсатында фото және бейнетүсірілім, веб-дизайн, видео өңдеу, кадрдан тыс дыбыстау, контент пен беттеу жасау технологияларын, видеоны өңдеу мен кадрлеу, интернетте жариялау тәсілдерін пайдалану.
Top